Жаңалықтар

АҚШ НАТО-ны толығымен қолдайды

ашық дереккөзі

АҚШ НАТО-ны толығымен қолдайды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Шығыс Еуропадағы НАТО-ның одақтастарына АҚШ оларды толық қолдайды деп мәлімдеді. Керри Вашингтонда мәлімдегендей, қазіргі президент әкімшілігі, бұрынғы республикашыл немесе демократиялық партия өкілдері болсын Солтүстік атлантикалық келісімнің 5-бабына сәйкес альянсты қолдайды. Аталған бапқа сәйкес, одаққа мүше елдерге жасалған қарулық шабуыл НАТО-ның барлық одақтастарына жасаған шабуыл ретінде қарастырылады. Керри бұл қолдау әрқашанда АҚШ-тың негізгі ұстанымдарының бірі деді. АҚШ мемлекеттік хатшысының бұл мәлімдемесі 20 шілдеде Республикалық партия атынан президент сайлауына үміткер Дональд Трамптың New York Times газетіне берген сұхбатына жауабы болды. Онда Трамп президент бола қалған жағдайда, егер Ресей Балтық елдеріне шабуыл жасаса, АҚШ көмекке жетіп бара қоймайтын еді деген. Трамп Ресей шабуыл жасай қалса, Балтық елдеріне көмекке ұмтылудың орнына, ол елдердің АҚШ алдындағы міндеттемелерін орындауын қадағалайтын едім деп мәлімдеген. Ол сонымен бірге Вашингтон одақтастарға американың жомарттығын пайдалануға жол бермейтін еді деген.