Елімізде тәулігіне 1,2 млн медициналық маска өндіріледі

Елімізде тәулігіне 1,2 млн медициналық маска өндіріледі

Елімізде тәулігіне 1,2 млн медициналық маска өндіріледі
ашық дереккөзі
2020 жылдың жеті айында еліміздің фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 23,2 пайызға өсті. «Бүгінгі таңда медициналық бетперде өндірісінің көлемі тәулігіне 1,2 млн дананы құрайды. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен жабады. Жыл соңына дейін фармацевтикалық компаниялар аталған көрсеткішті тәулігіне 1,5 млн данаға дейін арттыруды жоспарлап отыр», – делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратында. Ведомство мәліметінше, өсім «Dolce - Pharm» ЖШС-да шығарылатын өнім көлемінің 67 пайызға артуымен байланысты. Бүгінде аталған фармацевтикалық компания ірі медициналық бетперде өндірушілерінің бірі болып саналады.  «Dolce-Pharm» тоқылмаған материалдардан түрлі бетперде шығарады. Сондай-ақ 7 айдың қорытындысы бойынша «Химфарм» АҚ-да оң нәтижелерге қол жеткізілді, өндіріс көлемі 9 пайызға өсті. «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу ұлғайтылды. Қазіргі уақытта зауыт антибиотиктердің стерильді ұнтақтары, ампуладағы инъекциялық ерітінділер, инфузиялық ерітінділер, таблеткалар, капсулалар, сашадағы ұнтақтар, сироптар түрінде генерик дәрі-дәрмектерінің 113-тен астам түрін шығарады. Өндірістік процестің барлық кезеңдері тестілеуден өтеді және микробиологиялық тазалыққа сертификатталады. Өнімнің сапасы қазіргі заманауи жабдықтармен жабдықталған компанияның зертханасында бақыланады.