Праймеризде жастарға берілген мүмкіндікті жіберіп алғым келмеді – көкшетаулық волонтер

Праймеризде жастарға берілген мүмкіндікті жіберіп алғым келмеді – көкшетаулық волонтер

Праймеризде жастарға берілген мүмкіндікті жіберіп алғым келмеді – көкшетаулық волонтер
ашық дереккөзі
Жеті жылдан бері жастар саясаты, волонтерлік, балалар мен жасөспірімдер және қоғамдық қызмет салаларында жұмыс атқарып келе жатқан көкшетаулық Мәнсия Есекеева елімізде тұңғыш рет жаңа форматта өтетін праймеризге жастар атынан қатысу үшін құжаттарын тапсырып үлгерді. «Праймеризге қатысу үлкен жауапкершілікті талап етеді, соған қарамастан жас та болсақ көненің көзін дәріптейтін, салт дәстүрді насихаттайтын ұрпақпыз. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бүгінгі күн талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік жігері бар жастар уақыты» деген ұлағатты сөзі бар, мен бар күш жігерімді салуға, елім үшін аянбай қызмет етуге, білмегенімді білуге, білгеніммен бөлісуге дайынмын, праймеризге қатысып ел үшін қызмет етемін», – деді ол сөз соңында. Дәл қазіргі уақытта Ақмола облысы бойынша 374 адам праймеризге қатысуға өтініш білдірген.