Праймеризге қатысуға белсенді жастар мен әйелдерге арнайы квоталар бөлінген

«NurOtan» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жеңіс Қасымбек өңір тұрғындарын праймеризге қатысуға шақырды.

Құрметті жерлестер!

«Nur Otan» партиясы уақыт талабына сай жаңару жолына түсіп, жаңа белестерді бетке алып келеді. Елбасының тапсырмасымен басталған «Nur Otan» партиясының праймеризі соның бір айғағы.

Праймериз – партияның ең сенімді әрі белсенді мүшесін анықтау мақсатында өткізіледі. Сайлауалды бағдарламаларын, оны іске асыру жөніндегі нақты қадамдарын ұсынған, көпшілік дауысқа ие болған үміткерлер сайлауалды тізімге енетін болады. Кеше ғана бастау алған праймериз біздің өңірімізде де өткізілетін болады.

Бүгінгі күні Облыста «Nur Otan» партиясының 90 мыңнан астам мүшесі бар. Олар білім, медицина, мәдениет, спорт және тағы басқа өзге де сала өкілдері. Праймеризге бастауыш партияның мүшелері және өзін-өзі ұсынғысы келетін азаматтар қатыса алады. Сонымен қатар, партияішілік іріктеуге қатысуға белсенді жастар мен әйелдерге арнайы квоталар бөлінген.

 

Back to top button