Праймериз-2020: партия ұсынған мүмкіндікті ақтөбеліктер жіберіп алмауы керек – әкім

Праймериз-2020: партия ұсынған мүмкіндікті ақтөбеліктер жіберіп алмауы керек – әкім

Праймериз-2020: партия ұсынған мүмкіндікті ақтөбеліктер жіберіп алмауы керек – әкім
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИН праймеризге қатысты үндеу жолдады.  Құрметті жерлестер, қадірменді ақтөбеліктер! Өмір өзгерістерден тұрады. Мәңгілік ештеңе жоқ. Бүгінгі күн, ертеңгі тарих. Осы ойларды адамзат баласы сан ғасырлар бойы айтып келеді. Тек соны дұрыс ұғына білмек керек. Абайша айтатын болсақ, «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады». Яғни бүгінгі біздің саяси өмірімізде болып жатқан өзгерістерді жатсынбай қабылдап, белсене кірісу, әрбір көзі қарақты жанның ертеңгі ұрпақ алдындағы парызы. Еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Nur Otan» партиясының праймеризіне кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезеңі 17 тамыздан басталған. Партия ұсынған осы мүмкіндікті ақтөбеліктер де жіберіп алмауы керек. Өйткені бұл – еліміздің дамуына үлес қосатын жаңа толқынға, іскер және патриот азаматтарға жаңа «әлеуметтік саты» іспетті. Праймериз – бұл қоғамдағы демократиялық өзгерістерді ынталандыратын партия бастамаларының бірі. Онын мақсаты – Парламент мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде мықты көшбасшыларды анықтау. Бұл механизмді жүзеге асыруда барша шетелдік озық тәжірибелер ескерілген. Бірегейлігі – дауыс берудің онлайн-форматта өтетіндігінде. Яғни, әлеуметтік желілермен сауатты жұмыс жасап, неғұрлым белсенді болған кандидат, соғұрлым таза, әділ дауыс жинау ықтималдығы жоғары. Заманауи тәсіл қарапайым азаматтардың шешімдер қабылдауға тікелей ықпал етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен, облысымызды дамыту бойынша көптеген мәселелерді қарастыруға жол ашады. Сондықтан праймериз халықпен кері байланысты жаңа деңгейге көтере отырып, партияға мықты көшбасшыларды топтастыратынына сенімдімін. Ендеше, өз күшіне сенімді, еліне пайдасын тигізуді қалайтын әрбір көзі ашық ақтөбелік азаматтарды праймеризге белсенді қатысуға шақырамын!