Жаңалықтар

Жарқынбек Амантай: Праймериз – жасампаз жастарға жаңа мүмкіндік

ашық дереккөзі

Жарқынбек Амантай: Праймериз – жасампаз жастарға жаңа мүмкіндік

Жарықбек АМАНТАЙ, ҚЖО Павлодар облыстық филиалының директоры: – Жарықынбек Амантайұлы, сізді ақын әрі белсенді азамат ретінде жақсы білеміз. Праймеризге қандай мақсатпен қатысып жатырсыз? – Негізі праймеризге қатысамын деген ой жоқ болатын. Бірақ партиялық кадрлық резрвке былтыр өткем. Мені праймеризге павлодарлық қоғам белсенділері ұсынды. Бұл ұсынысты әкімшіліктегі азаматтармен  Nur Otan партиясы да қолдады. Өзіме осындай сенім білдіріп жатқандықтан мен бас тартқан жоқпын. Сонымен мен де додаға түсіп, өз бағымды сынап көрмекпін. Әрі бұл сайлауда жақсы нәтижеге жетемін деп сенемін. Өйткені қазір еліміз іскер жастарға мүкіндік беріп отыр.