Праймеризге қатысушылардың нақты ұсынысы мен жоспары болған жөн – Гүлназ Бөлекбаева

Праймеризге қатысушылардың нақты ұсынысы мен жоспары болған жөн – Гүлназ Бөлекбаева

Праймеризге қатысушылардың нақты ұсынысы мен жоспары болған жөн – Гүлназ Бөлекбаева
ашық дереккөзі
Өз жұмысын жетілдіру және заманға сай дамыту үшін «Nur Otan» партиясы өткізіп жатқан праймеризге кандидаттарды ұсыну мен тіркеу − ел дамуы жолында аянбай тер төгемін деген жастарға берілген зор мүмкіндік. Тұңғыш ел көлемінде өткізіліп жатқан праймеризге Маңғыстау облысы бойынша қатысып отырған «Жаңаөзен»  газетінің редакторы Гүлназ Бөлекбаева бұл шара туралы өз ойын былайша білдірді:  − Жалпы, праймериз деген партияның ішіндегі кадрлық бағыттағы жаңғырту, былайша айтқанда, партия белсенділерін ашық түрде таңдаудың бір әдісі ғой. Оны партия жақтастарының арасында алдын ала іріктеу жасап, таңдау арқылы, партия атынан сайлауға түсетін көшбасшыларға іріктеу жүргізеді. Ал өзімнің праймеризге қатысуыма келсек, бұны мен елге, халыққа қызмет етудің бір жолы деп санаймын. Бұл бір жағынан кез келген адамның тұлға ретінде өзін танытуына жол ашса, екінші жағынан іскерлігін көрсетіп, өзі мүше болған партияның беделін көтереді. Менің де мақсатым осы айтылғандармен үндес. «Нұр Отан» партиясының қатарында жүріп қарапайым халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында жұмыстанып, өз салам бойынша жетістікке жеткім келеді. БАҚ саласының қызметкері болғандықтан, бүгінде ел ішінде көп сөз болатын құрылыс саласы мен жол салудағы сапасыздықты бақылап, ондағы кемшіліктерді жоюға өз үлесімді қосқым келеді. Сондай-ақ, елдің әл-әуқатын көтеру жолында, халықтың денсаулығын сақтау мен әленуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемнің өз иелеріне әділдікпен бөлінуіне қолғабыс жасасам деймін. Жастарға елді көркейту үшін еңбектенуге мүмкіндік беретін праймеризді партияның дәуір талабына сай дамуы деп есептеймін. Сондықтан бәріміз де оған нақты жоспар, ұсыныспен барғанымыз дұрыс.