Эльмира Райымбекқызы Шымкентте алғашқы болып праймеризге тіркелді

Эльмира Райымбекқызы Шымкентте алғашқы болып праймеризге тіркелді

Эльмира Райымбекқызы Шымкентте алғашқы болып праймеризге тіркелді
ашық дереккөзі
Шымкент қаласындағы  «Nur Otan» партиясы Абай аудандық «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымының төрайымы Эльмира Созақбаева  ішкіпартиялық іріктеу бойынша алғашқы болып құжат тапсырды.   Бастауыш партия ұйымынан бөлек Эльмира Райымбекқызы Шымкент қаласы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы. «Жалпы праймериз бойынша құжат тапсыру маған ұнады. Жақсы деңгейде ұйымдастырылыпты. Құжат қабылдайтын қыздар да жан-жақты дайындықтан өткені көрініп тұр. Иә, аздап астана жақтан кедергі болды. Дегенмен көп уақыт өтпей іске қосылып, құжатым қабылданды. Іскер әйелдер қауымдастығынан жалпы 5 әйел қалалық мәслихаттың депутаттығына бағымызды сынағалы отырмыз. Елбасының өзі депутаттардың 30 пайызы қыз-келіншектерден болуын айтып отыр. Сондықтан бізге мүмкіндік мол деп үлкен үміт артып отырмыз. Негізінен біз көпбалалы аналар мен балаларға, мүгедек жандарға көбірек көңіл бөлеміз. Сондықтан да біздің мақсатымыз келешекте осынау аты аталған жандарға көмек қолын созу», – деді үміткер Эльмира Райымбекқызы.

Н. НАЗАРБЕК.