Тәжікстанда "Комсомольская правда" шықпайды

Тәжікстанда "Комсомольская правда" шықпайды

Тәжікстанда "Комсомольская правда" шықпайды
ашық дереккөзі
Тәжікстанда ресейлік «Комсомольская правда» газетін басып шығару тоқтатылды. «Точикистон» апталық газетінің бас редакторы әрі құрылтайшысы Шариф Хамдампур газетті басып шығаруды тоқтату «КП» газетінің мәскеулік тілшісі Сергей Пономаревтың мақаласымен байланыстырды. Хамдампур он жылдан бері ресейлік газеттің Тәжікстанда шығарылуына жауапты болып келді. Пономарев Тәжікстанға сапары туралы мақаласын «Тәжікстан: советтік әуре сарсаңнан жарқын болашаққа дейін» деп атап, Орталық Азиядағы осы мемлекетті «Равшан мен Жамшуттың еліне» теңеген. Мақала былай басталады: «Мәскеуден көне Ходжентке дейінгі ұшақта... славян ұлтынан менің әлпетім ғана жарқырай көрінеді. Қалғандары – өңкей Равшандар мен Жамшуттер». Шариф Хамдампур, 21 шілдеде Душанбеде өткізген баспасөз мәслихатында, бұл мақаланы тәжік халқын кемсітеді деп есептейтінін айтты. Сол себепті «біз бұл газеттің елімізде басып шығаруды тоқтату туралы шешім қабылдадық», – деді ол. 10 жыл бойы Тәжікстанда ресейлік «Комсомольская правда» және «Аргументы и факты» газеттері басылып келді.