Праймериз: қызылордалық Ақтөре өңірлік кәсіпкерлерге жағдай жасамақ

Сондай-ақ!

12 миллион теңге тұратын медицина құрылғыларын елден заңсыз алып кетпек болған

Батыс Қазақстан облысында құны 12 миллион теңгені құрайтын 800 дана пульсоксиметр құрылғысын елден заңсыз түрде әкетпек болған ер адам ұсталды. Бұл туралы «Хабар 24»...

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Өскемен қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланады.  Әкімдіктің мәлімдеуінше, 2019 жылы жаңажылдық безендіру...

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында Маңғыстау облысында орналасқан Бозжыра шатқалының суреті жүктелген. 4 миллионға жуық жазылушы тіркелген парақшада...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің...

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес былтыр елімізде пилоттық жоба ретінде ішкі партиялық іріктеу, яғни праймериз өткізілді.

Пилоттық жоба Қызылорда облысы бойынша Сырдария ауданында ұйымдастырылды. Аталған жобаға Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы, «Jas Otan» ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Ақтөре Ибрагимұлы да қатысты.

Ол праймериздің ашық, жария түрде өткенін көріп, партияішілік іріктеуге биыл да түсуді қолға алды.

– Бүгін, яғни 17 тамызда басталатын, бірнеше кезеңнен тұратын партияішілік іріктеу жетекші партия тарихындағы ауқымды жоба екені анық.  Праймериз – қоғамның дамуына өз үлесін қосуға ынталы, белсенді әрі тың идеялары көп азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік. Сондықтан биыл да өз бағымды сынап, партияішілік іріктеуге қатысамын.

«Nur Otan» партиясының белсендісі ретінде «партиялық тізімдердің сапалық құрамында 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 20 пайыз болуы шарт» деген ұстанымды қолдаймын. Бұл «Жастар жылы» мен «Еріктілер жылында» ел дамуына атсалысып, жанашыр азамат, білікті маман ретінде танылған жалынды жастарға нақты қолдау. Осы ретте «Жастар – қоғамның қозғаушы күші» деген сөзді басшылыққа алар болсақ, жетекші партия жастардың білімін, жастық жалынын, тың, жаңа идеяларға бай көзқарасын мемлекет дамуына бағыттаса, ашық азаматтық қоғамның қалыптасуына да негіз болады деп есептеймін.

Мен болашақта жүзеге асырсам деген бағдарламама өзім туып-өскен Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын кірістірдім. Оның ішінде «Nur Otan» партиясы тарапынан қабылданған бағдарламалардың сапалы жүзеге асуына атсалысу арқылы аудан тұрғындарының талап-тілектері мен ұсыныстарын жергілікті атқарушы билікке жеткізіп, мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді жоспарлап отырмын. Мұнан бөлек ашықтық пен қолжетімділік қағидатын ұстану негізінде шалғай ауылдардағы кәсіпкерлікке ынталы азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді үйлестіру қажет деп санаймын.

Сондай-ақ аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларды назардан тыс қалдырмай, тұрақты түрде әлеуметтік көмек алуын бақылауда ұстаудың маңызы зор. Осындай нақты мақсат-міндеттер бойынша білімімді, тәжірибемді ауданымның дамуына жұмсау азамат ретіндегі парызым деп білемін, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Әшімбаев: Оралмандар мемлекет есебінен күн көргісі келеді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің пікірінше орыстардың Қазақстаннан үдере көшуі жақсы үрдіс емес. Сарапшының stanradar.com сайтына...

12 миллион теңге тұратын медицина құрылғыларын елден заңсыз алып кетпек болған

Батыс Қазақстан облысында құны 12 миллион теңгені құрайтын 800 дана пульсоксиметр құрылғысын...

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Өскемен...

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...