Алматы облысы өзендерінде сел жүру қаупі бар

Алматының көктемі мен жазы жаңбырлы болды. Бұл өзен-сулардың арнасынан асуына сеп болуда. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысының өзендерінде сел жүру мүмкіндігін қаперге салды.

Нөсер жауын жауады деген болжамға байланысты, бүгін – 21 шілде күні кешке және 22 шілдеде Алматы облысының өзендерінде су тасқыны болып, сел жүруі ықтимал. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. «Алматы қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 21 шілдедегі №64-ші «Апатты гидрометеорологиялық құбылыс» ескертпесі негізінде тұрғындарға ескерту жасайды, – делінген хабарламада.

Back to top button