Жаңалықтар

Балаларына дұрыс қарамайтын мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды

ашық дереккөзі

Балаларына дұрыс қарамайтын мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында ювеналды полиция балаларына дұрыс қарамайтын 259 отбасыны есепке алған. Тәртіп сақшылары тұрақты түрде олармен алдын алу жұмысын жүргізеді. Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, демалыс және оқу жылының басында ювеналды полицейдің жұмысы көп болады. Рейд пен жедел-алдын алу шаралары көп өткізіледі. Олардың негізгі мақсаты – кәмелеттік жасқа толмағандардың жолда, суда, түнде қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, балалар еңбегін пайдалануға жол бермеу. Жыл басынан бері облыста 67 жергілікті тексеру мен 516 рейд өткізілді. Сонымен қатара, инспекторлар әлеуметтік желіде алдын алу жұмысын бастады. «Ювеналды полиция желісі бойынша жыл басынан бері 1 938 тәртіп бұзушы анықталып, жауапқа тартылған. Петропавлдың өзінде ғана кәмелеттік жасқа толмағандар түнде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 287 адам жауапқа тартылды. Облыс бойынша жауапқа тартылғандар – 1 252 адам. Түрлі құқық бұзушылық жасаған кәмелеттік жасқа жетпеген 109 адам және 160 отбасы есепке алынды. Қазіргі кезде облыс бойынша полиция есебінде балаларына дұрыс қарамайтын 259 ата-ана тұр», – деп баяндады полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.