Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды

Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды

Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды
ашық дереккөзі
Петропавл қаласында Н.Назарбаев пен Ғ.Мүсірепов көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігіне жеңіл көлік соғылды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, УАЗ-452 арнайы көлігі дабылын, арнайы шамдарын қосып келе жатқан, оның ішінде пациент болған. Онымен соқтығысқан ВАЗ-32112 жеңіл көлігінің 37 жастағы жүргізушісі оқиға орнынан полиция келгенше қашып кеткен. Ол көпқабатты үйдің бірінің ауласында ұсталды. «Дәрігерлер жол апаты кезінде жедел жәрдем көлігінің ішінде болған 71 жастағы әйелді тексерді. Оның жарақат алмағаны анықталды. Әйел негізгі дерті бойынша емделу үшін үшінші қалалық ауруханаға жатқызылды. Жедел жәрдем бригадасының 25 жастағы фельдшері медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілді», – деп мәлімдеді ДП баспасөз қызметі. Оқиғаға байланысты Әкімшлік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі көлiк құралдарының бүлінуіне алып келген бұзушылығы» 610-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Одан кейін бұл іс процессуалдық шешім қабылдануы үшін Петропавл әкімшілік сотына жіберіледі. Сондай-ақ оқиға орынан кетіп қалған жеңіл көлік жүргізушісіне қатысты хаттама толтырылды.