«Қазақтың жазылмаған психологиясы» қалай жазылды?

Сондай-ақ!

«Итаяғың болар еді алтыннан, иттің тісі батпағанда желкеңнен» Сабыр Адай Жаңаөзенді жырлады

Төмендегі видеода ақын Сабыр Адай және Светқали Нұржан өлең оқиды. Жаңаөзен қаласы, 1999 жыл. https://www.youtube.com/watch?v=b9Tg6dV43QQ&feature=youtu.be&fbclid=IwAR3Y13myV9g_Suaze498fel3PrbjhnnlS4YwrT7gNmiyJgBj2z3WhTIsA6c&ab_channel=%D0%91%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%80%D0%91%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2

«Тақиялы періштеге» Баталов қандай сый-құрмет көрсетті?

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов ардагер, белгілі актер Әлімғазы Райымбековті қабылдап, 85 жасқа толуымен құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Амандық...

Жазасын өтеп жатқан орыс баласы домбыра тартуды үйренген

Елімізде өзге ұлт өкілдерінің домбырамен күй тартып, домбыраға қосылып қазақтың әнін шырқауы бүгінде соншалықты таңсық нәрсе емес, бірақ темір тордың аржағында отырып домбыра үйренуге...

«Бұларың Отан үшін қауіпті!». Балғынбек Имаш әнші Қарақат пен Алтынайды сынға алды

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Түркиядан үй сатып алғанын желіде жариялап, жарнама жасаған Алтынай Жорабаева мен Қарақат Әбілдинаны сынады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. «Мен үшін...

Жақында журналист Ержан Жаубай мен белгілі психолог, психология ғылымдарының докторы Нұргүл Молдабайқызының «Қазақтың жазылмаған психологиясы» атты бірлескен еңбегі жарыққа шықты.

Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен ойындарының психологиялық мәніне талдау бұған дейін көп қаламгер бара қоймаған тың тақырыпқа арналған еңбек.

Бұл еңбекте халқымыздың сан ғасырлық дүниетанымының қорытындысы, өзегі болған салт-дәстүрі мен ұлттық ойындары, ырым-тыйымдарының психологиялық астарына ғылыми тұрғыда талдау жасалды.

Соның негізінде ұлтымыздың бала тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарап, ерекше мән бергені, әр салтында, әр ойынында психологиялық терең астар жатқаны нақты көрініс тапқан.

«Біріншіден, әсіресе жастар ұмыт бола бастаған қазақ салт-дәстүрлерімен, ұлттық ойындарымен танысып, олардың аты-затын, қай кезде орындалып, қалай ойналатынын біледі. Кітап ұлт жадынан өше бастаған кейбір дәстүрлеріміз бен ұлттық ойындардың қайта жаңғыруына, насихатталуына септігін тигізеді, кең таралуына игі ықпал етеді. Екіншіден, кітапты оқыған жұртшылық салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындардың психологиялық мәнін түсінуге, олардың астарындағы ұлттық таным-түсінікті пайымдауға мүмкіндік алады. Психолог маманның кітаптағы кейбір өзіндік байыптаулары салт-дәстүрлерге, ұлттық ойындарды басқа қырынан тануға, олар жөнінде жаңаша ой қорытуға түрткі болып, бұрынғы тұжырым-түйіндерді толықтыруға септігін тигізуі мүмкін екенін де жоққа шығармаймыз», – дейді кітапқа пікір жазған академик Шерубай Құрманбайұлы.

Кітапқа 90-ға жуық салт-дәстүр мен 20-дан астам ұлттық ойын топтастырылған.

«Осы күнге дейін бұрынғы кеңес кеңістігінде орыс тілді аудиториямен жұмыс істеп, еліміздегі сот жүйесінің зорлық-зомбылық мәселелерімен, қылмыскерлердің психологиясымен 12 жыл айналысқан едім. ғылыми ізденістерімді өзге елде жасаған маманмын. Былтыр қазақ тілді аудиториямен жұмысымды бастаймын деп кездейсоқ жағдайда сорақылықтардың ішіне еніп кеттім. Итаяқтан тамақ ішкен сәбидің, көкала қойдай боп таяқ жеген баланың, аталасынан, әкесі мен ағасынан, жездесінен сексуалды зорлық көрген, т.с.с. жандардың тағдырын көріп, бірнеше айда қазақтан жиіркеніп кеттім. Бар түйгенім – қазақтың қан «тазалығы» бүгінде өз басының соры екен, «таза» биология психикалық травмаларды көтеріп жүре беруге мүмкіндік беріп, тіріні жансызға айналдырады екен. Жаным байыз таппай, бірнеше мақала жазып, қазақы журналист Ержан Жаубаймен бірге бірнеше бағдарлама дайындадық. Бұл аз, қазаққа өз психологиясы керек», – дейді кітап авторларының бірі психолог Нұргүл Молдабайқызы.

Кітапқа енген салт-дәстүр, ұлттық ойындар бұған дейін халық ауыз әдебиеттерінде, жекелеген әдебиетшілердің, этнографтардың жинақтаған еңбектерінен іріктеліп алынды.

«Оқымаған жерім жоқ, қайда барсам да «Қорқыттың көрі» – қазақтың ұлттық дәстүрі шығады. Мәселен, біреудің қазасынан қалған жараны емдеу – психологиялық жұмыстың ең ауыры. Ол қазақтың жоқтауымен толық мазмұндас. Қыз тұрмысқа шыққанда әлемдік психология сыңсу айттыр дейді. Осыны үйрендім ел кезіп жүріп. Осындай төл тіршіліктің негізі – психологиясы бола тұра қазақ қоғамы бүгінде психологияны ілім деп қабылдамай, ермекке айналдыра бастапты. Мысалы, психотехниканың хирургиялық түрі саналатын EMDR-ді маманның қадағалауымен қолдану керек, қазақ өз бетімен қолданып, тірілмейтін, шаруасы біткен адамға айналуда. Сондықтан Ержанды өзім іздеп, халқымыздың салт-дәстүрін жинақтап беруін сұрадым. Психологиялық тұрғыдан талдау жасап, әлемде салт-дәстүрден артық психологияның жоқ екенін көрсеткім келді», – дейді психолог.

Әлем психологиясының үрдісі салт пен психологияны үш қайнаса сорпасы қосылмайтын ұғым ретінде қарастырады.

«Бұл қазаққа сай келмейді, себебі әр салт – қазақ экзистенциясының тірегі, тұнып тұрған психологиясы. Алайда сол салт-дәстүр ешқашан психологиялық тұрғыдан сараланбаған. РГБ-ның шаң басқан залдарында тұлға мен личносттың Сперанский көкеміздің 1838 жылы Сібір қырғыздары жарғысымен тұспа-тұс ойлап тапқан конструктісі екенін білдім. Ал оны психологтарының көбі білмейді. 100 жылдан астам отарлай алмаған осы ұғым пайда болған соң 10-ақ жылда не болғаны өзіңізге белгілі. Сперанский қалдырған мұраға қарағанда іргетасын қазақ халқының өзі қалаған ілім құнды, маңызды екенін сіз білсеңіз. Кітап – күмәннің, қазақ әйелдері мен балаларының еңіреген көз жасын көргенімнің нәтижесі. Табиғатынан алыстаған қазақ үшін қайғыруымыздың салдары», – дейді Нұргүл Молдабайқызы.

Кітап «Мұқаба» баспасынан 5100 данамен шықты.

Авторлар жайлы:

Ержан Жаубай, журналист

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дің «Журналистика» факультетін бітірген. Қазақ жылқысына арналған Argymaq.kz ұлттық танымдық порталының негізін қалаушы, бас редакторы. BAQ.KZ ақпарат агенттігінің тілшісі.
«Нұр Сұңқар» сыйлығының, «Халық алғысы» мемлекеттік медалінің иегері.

Сүйіндікова Нұргүл Молдабайқызы

Психология мен психотерапияның:
– сот психологы-сарапшысы,
– экзистенциалдық анализ және логотерапия,
– психикалық травмалардың процессуалдық психотерапиясы,
– экзистенциалдық бағытта топтық психотерапия
тармақтарын меңгерген.
Нұргүл Сүйіндікованың психологиялық кеңес беру және оқыту орталығының негізін қалаушы, психолог және медициналық емес бағыттағы психотерапевт.
Психологиялық жоғары білімін (оның ішінде магистратура мен аспирантура) Ресейде Экономика жоғарғы мектебінде, Мәскеу гештальт институтында, Калуга мемлекеттік университетінде, Украина Классикалық университетінде, «GLE-International» (Вена) Логотерапия мен экзистенциалдық анализ халықаралық ұйымында, Сібір феноменологиялық және экзистенциалдық институтында жетілдірген.

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Түркіменстан президенті есірткі жағатын пеш ашты

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтан солтүстікке қарай 100 шақырым жерден есірткі жағатын...
Қайрат Түнтеков

Сәкен Майғазиев Қайрат Түнтековке елден кетуге кеңес берді

Сәкен Майғазиев "Егіз лебіз" бағдарламасында қазылық етіп отырып, Қайрат Түнтековтың өнеріне баға...

Исламбек Салжанов: Қайырымдылық және еріктілікпен айналысатын мекемелер құруымыз қажет

Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениетінің бір...

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...