«Қаңғыбас» операциясы: із-түзсіз жоғалған 9 адам туыстарымен қауышты

«Қаңғыбас» операциясы: із-түзсіз жоғалған 9 адам туыстарымен қауышты

«Қаңғыбас» операциясы: із-түзсіз жоғалған 9 адам туыстарымен қауышты
ашық дереккөзі
Елорда полицейлері «Қаңғыбас» алдын алу шарасының қорытындысын шығарды. Бұл шара тұрғылықты мекенжайы жоқ, қайыр сұрап, қаңғырып жүрген, сондай-ақ із-түссіз жоғалған азаматтарды анықтау мақсатында өтті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жедел-алдын алу шарасын өткізудің екі күнінде із-түзсіз жоғалған 9 адам туыстарымен қайта қауышты. Мысалы, іздеу барысында полицейлер зейнет жасындағы екі әйелдің жүрген жерін анықтаған. Есте сақтау қабілетінен айырылған әйелдер үйінен шығып, адасып кеткен. «Қаңғыбас» операциясы барысында тәртіп сақшылары тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар көп жиналатын жерлерде рейд өткізді. 229 жертөле, 341 кәріз құдығы, қараусыз қалған 74 ғимарат, 230 шатыр, 58 қыстақ, 209 қоқыс полигоны және 17 орман тексерілді.