Дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады
14 тамыз, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады
17 тамыздан бастап қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданады, бірақ қойылатын талаптар күшейтілді.
«Қоғамдық көліктер отыратын орындар санына қарай толтырылады. Міндетті талаптар – маска режимі және соңғы аялдамарда дезинфекция жасау. Әлеуметтік қашықтық пен жеке гиниенаны сақтаудың да маңызы зор», – дейді Айжан Есмағамбетова.
17 тамыздан бастап спортшылар мен спорт сүйер қауым үшін де жақсы жаңалық: елімізде ұлттық құрамалар мен спорттық клуб командаларына жаттығуға қайта кірісуге рұқсат етіледі.
«Тұрғындарға спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі. Бұл – жеке спорт түрлері, ашық аспан астында топтық жаттығулар. Жаттығу жасайтындар саны 5 адамнан аспауы керек және әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті. Бұған қоса, біз спорттық базаларда 30 адамнан аспайтын жағдайда және ұлттық профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар сақталатын болса, ұлттық құрама командаларға, спорттық клубы командаларына спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат бердік. Халық үшін бір отбасы мүшелерін қоспағанда көшеде 3 адамнан көп жүруге рұқсат етілмейді. Саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға, яғни ашық аспан астындағы барлық нысандарға баруға болады. Бірақ әлеуметтік қашықтықты қадағалау керек», – дейді ол.