Air Astana ұшақ ішінде міндетті түрде бетперде тағу керегін ескертеді
Air Astana ұшақ ішінде міндетті түрде бетперде тағу керегін ескертеді
Air Astana жолаушылардан ұшақ ішінде бетперде тағуды табанды түрде сұрайды. Бетперде өзіңізді, жақындарыңыз бен экипажды коронавирусты жұқтырудан қорғайды. Жолаушы маска тағу тәртібін және ұшаққа отырғызу/түсу кезінде 1 метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтауы қажет.
Маска тағу тәртібі немесе санитария талаптарын бұзушылар құқық қорғау органдарына тапсырылады. Санитария нормаларын бір рет бұзған жолаушылар санитария талаптарын орындауға және осы бұзушылық салдарынан әуе компаниясы ұшыраған шығындарды өтеуге жауапкершілікті алуға жазбаша келісімін келесі сапар алдында беруі тиіс. Ең жақын жердегі әуежайға ұшақтың жоспарсыз қонуы бірнеше мың АҚШ долларды құрауы мүмкін. Бұдан басқа, жолаушылардан 30 АЕК көлемінде айыппұл алынады.
Air Astana-да cанитария нормаларын бұзуымен байланысты 23 оқиға тіркелген (оның ішінде бетпердені тағудан бас тартумен байланысты 18 оқиға).
Серик Алимжанов, Алматы