Жас ғалымдар «Nur Otan» партиясының праймериз өткізу бастамасын қолдайды

Сондай-ақ!

Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге шақырды

"Бөбек" қорының негізін қалаушы және президенті Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды. Бұл туралы ол Алматыдағы балаларды тәрбиелеуге арналған...

БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды

23 қарашада Қазақстан аумағына Түркия, Беларусь, БАӘ, РФ және Германиядан 10 ұшақ ұшып келді, деп хабарлайды Ведомствоаралық комиссияның telegram каналы. Осы 10 ұшақпен ұшып келген...

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылының орта мектебі карантинге жабылды. Аталған мектепте оқитын 8 оқушы және мектеп жанынан ашылған шағын орталық тәрбиеленушісінен коронавирус инфекциясы...

Ресейде антисептиктен уланып, қайтыс болғандар саны өсіп келеді

Ресейдің Свердлов облысында дайындалған антисептиктен уланған тағы бір Ресей азаматы қайтыс болды. Бұған дейін ажалды антисептикті ішімдік ретінде пайдаланған 7 адам көз жұмып, тағы 2...

13 тамызда еліміздің жас ғалымдары ZOOM – конференция өткізді. Конференция барысында түрлі саланың жас ғалымдары «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу бастамасын қолдайтынын және праймериз туралы ғылыми жұмыстар жасауға дайын екенін мәлімдеді.

ZOOM-конференцияға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Саясаттану кафедрасының доценті Индира Рыстина, «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинова, А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының кардиохарургия бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Ракишев, Мемлекеттік саясат жоғары мектебі түлектері қауымдастығының президенті Манасов Жангелді, Ұлттық биотехнология орталығының бөлім меңгерушісі Мақсат Жабағин, Жас ғалымдар альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетова және мүшелері, «Nur Otan» партиясы орталық аппараты саяси жұмыстар департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев қатысты.

Аталған жиынды STEM академиясының негізін қалаушы Әбутәліп Мүтәлі жүргізді. Әбутәліп Мүтәлі бүгінде жас ғалымдарды қызықтыратын және праймеризге қатысу бойынша бірқатар жиі қойылатын сұрақтарды атап өтті.

Конференция барысында, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының доценті, PhD доктор Индира Рыстина саясаттану мамандығындағы білім алушылар Қазақстанда алғаш рет өткізілетін праймериз туралы ғылыми жұмыстар әзірлеуге қызығушылық танытып отырғанын айтты.

«Праймериз – Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан шара болғандықтан бізге, бұл үрдіс қызықты. Жаңа оқу жылында оқуға түскен магистранттар, диплом жазатын бакалавр студенттері праймеризді кейс ретінде қарастырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сол кезде бізге партияның қолдауы керек болады. Сондықтан осы науқанның материалдарымен бөлісіп отырсаңыздар деген өтінішіміз бар», –деді Индира Рыстина.

Ол сонымен қатар партиямен бірігіп, «саяси технолог» атты магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламасын құруды ұсынды.

«Nur Otan» партиясының орталық аппараты саяси жұмыстар департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында қызмет ететін саясаттанушы, әлеуметтанушы ғалымдар жаңа білім беру бағдарламасына араласып, бірлесе жұмыс істеуге және магистранттар мен студеттердің ғылыи жұмыстары үшін материалдар ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, ол қатысушыларға праймериздің ережелерін, ерекшеліктерін түсіндіріп берді.

«Праймериз мақсаты – жергілікті жердегі, ауылдағы, қаладағы проблемаларды нақты білетін және қоғам білетін, танитын лидерлерді анықтау. Бір ерекшелік – мәслихат сайлаулары келер жылы бірінші рет пропорционалдық жүйе бойынша өтеді. Сайлаушылар партиялық тізімге дауыс береді», – деді Е.Қарабалаев.

Конференцияда «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова Болашақ түлектері, Қазақстанның түкпір-түкпірінен праймеризге белсенді қатысуға ниет танытып отырғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, жалпыреспубликалық «Nur Otan» партиясының праймеризі 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында өтеді. Праймериздің негізгі мақсаты партиялық тізімдерді бәсекелестік және ашық негізде қалыптастыру.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Дәмханадағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды

Елордалық кафелердің бірінде газ баллонының жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны екіге жетті....
Сара Назарбаева

Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге шақырды

"Бөбек" қорының негізін қалаушы және президенті Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге...

БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды

23 қарашада Қазақстан аумағына Түркия, Беларусь, БАӘ, РФ және Германиядан 10 ұшақ...

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылының орта мектебі карантинге жабылды. Аталған мектепте...

Ресейде антисептиктен уланып, қайтыс болғандар саны өсіп келеді

Ресейдің Свердлов облысында дайындалған антисептиктен уланған тағы бір Ресей азаматы қайтыс болды. Бұған...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...