COVID-19: вакцина бірінші кезекте қарттар мен медицина қызметкерлеріне салынады

COVID-19: вакцина бірінші кезекте қарттар мен медицина қызметкерлеріне салынады

COVID-19: вакцина бірінші кезекте қарттар мен медицина қызметкерлеріне салынады
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова вакцина егуде қандай топтағы адамдарға басымдық берілетіні туралы айтты. «Бүгінгі күні біз вакцинациялауға жататын топтармен жұмыс істеп жатырмыз. Бізде қауіпті топтар бойынша жоспарлар бар, олар үшін коронавирус ауруы өте қауіпті. Олар – 60-65 жастан асқан белгілі бір созылмалы аурулары бар адамдар», – дейді Айжан Есмағамбетова. Сондай-ақ, бұл топқа медицина қызметкерлері де жатады. «Өйткені олар ең алдымен пациенттермен және коронавирус жұқпасының белгілері жоқ, бірақ тасымалдаушы болып саналатын адамдарды қарап, байланыста болады. Сондықтан біз вакцинацияға дайындық, вакцинаны таңдау және Денсаулық сақтау министрлігінде вакцинация стратегиямызды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізудеміз», – дейді ол.