Елбасы: Дағдарысқа қарамай, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек

Сондай-ақ!

100 оқулыққа қатысты Рауан Кенжеханұлы жауап берді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Рухани жаңғыру: «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарған жұмысы туралы брифинг өтті. Тұңғыш...

Алматыда ағаштардың оталуы: Президент кінәлілерді жазалауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында...

«Қаны сорғалап тұрды»: Елордадағы жарылыс куәгерлері оқиғаның мән-жайын айтып берді

Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмхана жарылысына сол маңда орналасқан гүл дүкенінде жұмыс істейтін адамдар куә болған. Газ баллоны жарылғаннан кейін гүл дүкенінің қызметкерлеріне жарақат алғандардың алғашқы легі...

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзартудың оңай жолдары

Бұрынғы «оралман куәлгі» заң жүзінде атауы әлі өзгерген жоқ. Алайда Қоші-қон заңына өзгертулер мен толтқырулар еңізілген соң, бұл мәртебенің атауы өзгертілетіні айтылған. Қазір қандас мәртебесін...

Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті, деп хабарлайды Еlbasy.kz.

Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық даму нәтижелері мен пандемиядан кейінгі кезеңге арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Премьер-Министрдің ұсынған мәліметі бойынша, жыл басынан бері экономиканың машина жасау, өңдеу және тау-кен өндірісі, құрылыс, басқа да негізгі салаларындағы көрсеткіштер оң қарқын алған.

Елбасы Қазақстанда бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар қазіргі дағдарыстың ұлттық экономикаға теріс әсерін азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Біз тәуелсіздік жылдарындағы ең күрделі кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Осы уақыт ішінде талай дағдарысты еңсердік. Қазіргі қиындық әлемнің бүкіл елін қамтып отыр. Барлық жерде жұмыссыздықтың көбеюі байқалуда, бизнес қиындықтарға тап болып, мемлекеттер арасындағы сауда-саттық деңгейі төмендеді. Алайда бұған дейін қабылданған шаралар дағдарыстың экономикамызға әсерін азайтуға көмектесті. Біздің экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі басқа елдермен салыстырғанда үш есе аз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күрделі кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау бағытында отандық бизнестің белсенділігі жоғары екенін атап өтті.

«Ірі бизнес жұмыс орындарын сақтап қалуға көмектесті, халықтың әлсіз топтарын қолдауға қаражат бөлді, сондай-ақ «Біз біргеміз» бастамасын ілгерілетуге үлесін қосты. Мен барлық бизнес өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. «Birgemiz» қоры арқылы біз 2,3 миллион қазақстандыққа қолдау көрсете алдық», – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсім мәселесін қарастырып, отандық бизнесті жандандыру және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту қажеттігін атап өтті. Үкімет экономиканың түрлі саласындағы өсімді қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауы керек екендігі айтылды.

«Қазіргі уақытта сарапшылар экономикалық дағдарыс пен пандемияның екінші толқыны келетінін болжауда. Мамандар бұл мәселені мұқият зерттеп, осы жағдайға арнаулы бағдарлама әзірлеуі керек. Жаңа тәсілдер мен тиісті шаралар қажет», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар Елбасы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мәселесіне тоқталды.

«Қауіпті дертті жұқтырып алмау адамның өзіне және тәртібіне байланысты екенін түсіндірген мемлекеттер ұтылған жоқ. Кейбір елдерде карантин шаралары қабылданбады, өйткені адамдар сақтық шараларын сақтап, мамандардың талабын орындады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті геосаяси қақтығыстар мен қарама-қайшылықтар өршіп тұрған жағдайда Қазақстан қоғамының бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – дағдарысқа қарамай, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ішкі тұрақтылықты сақтауымыз керек. Қоғам тұтастығы мен саяси тұрақтылық – біздің алға жылжуымыздың негізі екенін жұртшылық естен шығармағаны жөн. Біз әрдайым мемлекеттің және «Nur Otan« партиясы сияқты саяси күштің айналасына топтасу арқылы дағдарыстарды еңсере білдік. Бұл сынақтан да аман өтетінімізге сенімдімін. Экономиканың өсімі қамтамасыз етілетін болады. Бұл қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігіне оң ықпал етеді. Мемлекет қайтадан қаржы жинақтайды. Ол қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін, сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарласының орындалуына пайдаланылатын болады», – деді Елбасы.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық экономикалық дағдарыстардан өтуде Қазақстанның мол тәжірибесі, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

«Жұрт жұмысқа шығып, ақша табуы үшін Үкімет жұмыс орындарын көбейтуге тырысуы керек. Бізде үлкен тәжірибе, қаражат, мүмкіндіктер бар. Осының бәрінен сүрінбей өтеміз», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

 

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Зейнетақы қоры ескертеді: есепшотыңызды тексеріңіз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға жеке зейнетақы шотының жай-күйін бақылап отыру керегін...
100 оқулыққа қатысты Рауан Кенжеханұлы жауап берді

100 оқулыққа қатысты Рауан Кенжеханұлы жауап берді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Рухани жаңғыру: «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»...

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты

Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 59 168 889-ға жетті. Джонс Хипкинс университетінің...

Алматыда ағаштардың оталуы: Президент кінәлілерді жазалауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға...

«Қаны сорғалап тұрды»: Елордадағы жарылыс куәгерлері оқиғаның мән-жайын айтып берді

Нұр-Сұлтан қаласындағы дәмхана жарылысына сол маңда орналасқан гүл дүкенінде жұмыс істейтін адамдар...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...