17 тамыздан кейін қандай тыйымдар күшінде қалады ‒ Мемкомиссия шешімі

17 тамыздан кейін қандай тыйымдар күшінде қалады ‒ Мемкомиссия шешімі

17 тамыздан кейін қандай тыйымдар күшінде қалады ‒ Мемкомиссия шешімі
ашық дереккөзі
17 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин шаралары жеңілдетіледі. Алайда, бірқатар нысандардың жұмысына салынған тыйым күшінде қалады. Атап айтқанда, - ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге; - барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына; - мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге; - бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына; - діни нысандардың жұмысына; - қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға тыйым салынады. Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады. «Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау ‒ барлық адамдар үшін сақталуы тиіс міндетті санитарлық талаптар және бұл азаматтардың күнделікті өміріндегі ережелерге айналуы қажет. Бизнес субъектілерінің қызметін олар толық дайын болған жағдайда ғана қайта бастау қажет», — деді Үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін өткен мемлекеттік комиссия отырысында.