Жаңалықтар

Павлодар облысындағы курорттардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді

ашық дереккөзі

Павлодар облысындағы курорттардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді

14 тамыздан бастап Павлодар облысындағы курорттардың жұмысы қайта жанданады.  Облыстың бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің жаңа қаулысы бойынша, санитарлық-дезинфекциялық режимнің күшейтілген режимін, әлеуметтік қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, қуаттылығы 50%-дан аспайтын санаторлық-курорттық мақсаттағы объектілердің, туристік базалардың демалыс үйлерінінің жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Туристік нысандардағы жағажайлардың жұмысы да қайта жанданады: қонақ үйлер, санаторийлер, пансионаттар, демалыс үйлері және туристік базалар алдын-ала жазылу бойынша 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады. Құжат бойынша, жағажайда демалушылар арасындағы қашықтық төрт метрден кем болмауы керек. Мамандар екі апта бойы бақылау жүргізіп, карантиндік шаралардың  сақталуын қадағалайды. Егер ережелер орындалмаса, нысандардың жұмыс істеуіне қайтадан тыйым салынбақ. Еске сала кетейік, бүгін мемлекеттік комиссия отырысында  еліміздегі карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді және 17 тамыздан бастап жұмысын қайта бастайтын нысандар тізімі жарияланды. Карантиннің жеңілдеуіне қарамастан, салынған бірқатар тыйым күшінде қалады: ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге, барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына, мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге, бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына, діни нысандардың жұмысына рұқсат берілген жоқ.