Алматы облысында білім саласын цифрландыру қарқыны артты

Алматы облысында білім саласын цифрландыру қарқыны артты

Алматы облысында білім саласын цифрландыру қарқыны артты
ашық дереккөзі
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов білім саласындағы мәліметтермен бөлісті. Алматы облысында 41 625 педагог жұмыс істейді, олардың барлығы компьютерлік техникамен қамтылған, 40 165  мұғалім немесе 96,4% интернетке қосылған, 3,6% қосылмаған, кадр тапшылығы – 498. – Цифрландыру бүгінгі даму процесіне ерекше әсер етіп отыр. Бұл талап бүгінгі жағдайда барлық салаға енгізілуде. Соның ішінде білім беру саласы да бұл жұмыстан тыс қалған жоқ. Bilimland.kz сандық ресурсы облыстағы 737 (97%) мектепте қолжетімді. Кең жолақты интернетке 752 (98%) мектеп, «Күнделік» жүйесіне 704 (95%) мектеп қосылған, – деп атап өтті А. Баталов. Облыс әкімінің айтуынша, 732 елді мекеннің 19-ында  интернет желісі жоқ, ондағы мектеп жасындағы 886 баланың 730-ы телеарна арқылы, қалған 156 бала штаттық режимде оқытылатын болады. «Қазақтелеком» АҚ арқылы 98 мектепте интернет жылдамдығын 4 Мбит-тен 8 Мбит-ке  дейін ұлғайтылмақ. Сондай-ақ, интернет желісіне қосылу үшін оқушыларға 43 мың роутерлар сатып алу жоспарланып отыр. Жалпы Алматы облысында жаңа оқу жылында балаларды компьютер және интернет желісімен қамту мәселелерін шешу үшін барлық жағдай жасалуда.