Зарина Омарова: Тойды ойлайтын кез емес қазір

Сондай-ақ!

Анамның батасын алмай жарысқа шықпаймын

Құрманбек ТҰРҒАНБЕК, «Алтын тұғыр» номинациясының екі дүркін иегері: Көкпардан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, «Ғасыр ойыншысы», «Жылдың ең үздік ойыншысы» атанған жас көкпаршы Құрманбек Тұрғанбек...

Кәсіпкер қандасымыз: Мұқтаж жандарға бейжай қарамаймын (видео)

Ақыт Ибатұлы – алғаш ел тәуелсіздігін алып, алыстағы ағайынға атажұрт есігін айқара ашқан уақытта Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан көшіп келген қандасымыз. Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Көлік...

Бауыржан Иманғалиев: Жүргеновті зерттеу маған аманат етілген

Темірбек Жүргеновтің қайраткерлігін, одан бөлек әдеби мұрасын жан-жақты зерттеп, ғылыми айналымға енгізген бірден-бір ғалым болса, ол – Бауыржан Иманғалиев. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан ...

– Әлемді жаулаған панде­мия­ның қоғамның әр саласына кері әсер етіп отырғаны белгілі. Қазір­гі жағдай сіз­дің өмірге көз­қа­расыңызға, шығар­ма­шылық ізде­ніс­теріңізге қалай әсер етіп жа­тыр?

– Карантин жағдайы еліміздің эко­но­микалық жағдайына, халықтың әл-ауқаты мен көңіл күйіне тікелей әсер етіп отыр­ға­ны анық. Халықтың көп бөлігі тұрақты та­быс көзінен айырылып, күнкөрістері қиын­дады. Десе де, адам баласы бәріне үйре­ніп, бейімделеді екен. Тығырықтан шы­ғар жолға түсетін күн де алыс емес деп сенеміз. Ең бастысы – халықтың ден­сау­лығы. Карантин жағдайында да шы­ғар­машылық ізденіс жүріп жатыр. Жаңа ән­дер жазылып жатыр, бірақ тыңдаған құ­лақты елең еткізер әдемі әнді іздеу үстін­демін.

– Бүгінде той бизнесі тоқырап тұр, әншілер мен асабалар басты та­быс көзінен айырылды. Халық әншілерсіз де той өткізуге бейім­де­ле бастаған­дай. Карантиннен соң халықтың той­ға, әншілерге де­ген сұранысы азаяды деп ой­лайсыз ба?

– Карантин жағдайы шоу бизнес пен той бизнесті де айналып өтпеді. Өзіңіз айтқандай, әсіресе асабалар мен әншілер бас­ты әрі тұрақты табыс көзінен айырыл­ды. Оны жасырудың қажеті жоқ. Бірақ мұ­ның бәрі уақытша нәрсе деп ойлаймын. Сәл сабыр сақтап, мемлекеттік деңгейде бе­кі­тілген талаптарды орындасақ, бұл қиын­­дықтан да шығамыз.

Меніңше, карантиннен кейін де ха­лық­тың тойға деген сұранысы азаймайды. Өйткені әр адам өз тойының қожайыны, әншілерді шақырамын десе, ешкім кедергі бола алмайды. Десе де, тұрақты табыс кө­зінен айырылдық деп тек өз басымызды ой­ламауымыз керек. Тойды ойлайтын кез емес қазір. Халықтың жағдайы мен аза­­мат­тардың денсаулығы бәрінен маңызды. Бастапқы кезеңде «вирус деген бар нәрсе ме, жоқ па?» деген сауал қызу талқыланған болса, екінші толқында екінің бірі ауырып жатқанын көрдік. Сондықтан бұл ой­най­тын мәселе емес. Бәріміздің осыған көзі­міз әбден жетті. Сәл шыдамдылық таны­тып, денсаулықты ойлағанымыз дұрыс. Өйткені ауырсаң, табыс туралы ойлауға шамаң да болмайды.

– Біздің отандық әншілердің во­кал­дық дайындықтары төмен, тек фо­нограммаға сүйеніп алған деген пі­­кірмен келісесіз бе?

– Біздің әншілердің көбісі фонограм­мамен айтып үйреніп қалған, ол рас. Өзім де телевизиялық жобалар мен түсірілім­дер­де фонограммамен айтып шығамын. Өйткені жанды дауыста айтуға техни­ка­ның сапасы сын көтермейді, жарамай жа­тады. Мен жанды дауыста айтқанды жақ­сы көремін, өйткені әнді жан-тәнің­мен беріліп, тіпті жаныңды жеп айтасың. Кез келген сәтте жанды дауыста ән айта алатын әншіні нағыз әнші деп есептеймін. Өйткені әнші деген ұйқыдан оята салып ән сұрағанда айта алатын болуы керек.

– Сахнаның киесі бар дегенді қа­лай түсінесіз?

– Мен үшін сахна өте киелі орын. Сах­нада сенің алған тәрбиең, ішкі жан-дү­ниеңнің байлығы, алған білімің мен мә­де­ниетің көрініп тұрады. Оны ха­лық­тан жа­сыра алмайсың. Сондықтан сахнаға жи­нақы киініп, жақсы қылықтарыңмен үлгі болуың керек. Өзім кішкентайымнан сахнаны көріп өстім, өнердегі аға-әпке­лерімнен өнеге алдым, қалыптастым, өзім­ді қалай ұстауды меңгердім. Әр өнер ада­мы сахнаны сыйлауы керек, өйткені
ол – тәрбиелік орын. Сахнаны сыйлаған адам халықтың есінде де ұзақ қалады.

– Ал сахнаға ашық-шашық киі­ніп шығатын әріптестеріңіз тура­лы көз­қарасыңыз қандай?

– Өкінішке қарай, сахнаға ашық-ша­шық киініп шығатын әншілер жоқ емес. Бұл біздің салт-дәстүрімізге, ұғымымызға, қа­зақтығымызға тән емес. Тым ашық-ша­шық киініп шығуды өз басым құпта­май­мын. Менің түсінігімде, әйел адамның құ­пиясы, нәзіктігі болуы керек. Әйел со­ны­сымен әдемі деп есептеймін.

– Той тоқтап, нәпақасын той­дан тауып жүрген әншілер нендей хал­де отыр қазір?

– Негізі, халық әншілер тойдан күреп ақша табады деп ойлап жатады. Тойдан қан­шалықты көп тапсаң, соншалықты көп жұмсайсың. Тіпті, кейде екі есе шы­ғын жұмсалады. Өйткені жаңа әндер жазу, әдемі көйлек тіктіру, бейнебаян түсіру мол қаржыны талап етеді. Қанша талантты бол­саң да, қалтаң таяз болса, ешқайда шы­­ға алмайсың. Кейде сонша еңбектеніп жүр­ген жас әншілерге қарап жаның аши­ды. Бар тапқан ақшасына бір ән жаз­дыр­тады, бірақ ол ән тыңдаушысына дұрыс жетпей қалады. Десе де, әр адамның не­сібесі Алладан. Нәпақасын біреу тойдан, біреу шоудан табады.

– Әнші заман талғамына сай, сұра­ныс­қа ие, білімді, кәсіби дең­гейде өзін сақтап қалу үшін қалай із­денуі ке­рек?

– Қай салада болмасын, сұранысқа ие болу үшін үнемі ізденіс керек. Сапалы жұ­мыс істеп, сауатты ән таңдап, мықты му­зы­канттармен әріптестік орнатып, өзіңді шыңдап, музыкалық біліміңді жетілдірсең, өз деңгейіңді сақтап қаласың. Дегенмен мұның бәрі адамның санасына, ішкі жан-дү­ниесіне, тәрбиесіне  тікелей бай­ланыс­ты. Ізденбей, жаңашылдыққа ұмтылмай тұрып әнші бола қаламын дегендерді тү­сінбеймін.  Өйткені адамның әнші бола­ты­ны кішкентайынан көрініп тұрады. Өсе келе әнші боламын дегендерге де сен­беймін. Әрине, вокалға барып, дауысын қойып, үйреніп шығуға болады. Ондай ән­шілер көп, бірақ мен оларды әнші деп есеп­темеймін.

Орыстар «чем тише, тем дальше» дейді ғой. Менің қағидам осындай. Ақырын жү­ріп, бастысы тынбай еңбектеніп, нәтижеге қол жеткізу. Жылт етіп көрінуге құмартып, хайп іздеп, үш күндік атаққа қызығу ма­ған жат. Өмірге жақсы әндер әкеліп, ендігі жер­де халықтың назарынан тыс қалмай, өз бағытымда өнерімді ұштай бермекпін.

 

Сұхбаттасқан

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

“Әлем ханымы” байқауында Қайрат Нұртастың әйелі көш бастап келеді

Онлайн дауыс берудің үшінші күні “Әлем ханымы-2020” байқауына қатысушылар арасында Жұлдыз Абдукаримова...

Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

4 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан...

Қайырымдылықпен айналысушылардың 71 пайызы – қарапайым халық

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер –...

Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан...
балалар үйі

Қостанай облысында дәрігер жетім балалардың азық-түлігін алып отырған

Қостанай облысында балалар үйінің бас дәрігеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды Арқалық қалалық...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...