Жаңалықтар

Рашхан Сыдайқызы: COVID-19 адамдарға психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болып тиді

ашық дереккөзі

Рашхан Сыдайқызы: COVID-19 адамдарға психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болып тиді

– Індетпен күресуде жеке клиникалардың да қосқан үлесі зор екенін білеміз. Осы ретте өзіңіз басқарып отыр­ған RASHMED медицина ор­талығы қай кезден бастап ви­руспен ауырған науқас­тар­ға көмек көрсете бас­та­ды? – Алғаш төтенше жағдай жа­рия­ланған кезде Алматы және Нұр-Сұлтан қаласындағы орта­лы­ғымыздың жұмысын тоқтаттық. Ма­мыр айынан бастап медицина ор­талығының жұмысын қайта бас­тап, сақтық шараларын тиісті дең­гейде сақтап, қажетті заттарды са­­тып алып, науқастарды қабыл­дай бастадық. Алғашында, тіпті кім­нің коронавируспен, кімнің пневмониямен келіп жатқанын өзі­міз де ажырата алмай қалдық. Бұл жағдайда науқастарды ПЦР тест тапсыруға, рентгенге түсуге, қажетті сараптамалар нәтижесін әкелуге жібердік. Бірақ не­ше күн бойы тест тапсыра алма­ған­дар болды, ондай науқастар са­ны тым көп және ауруханада орын жоқ екенін көріп тұрып біз ха­лықтың кеудесінен итере алмадық. Сақтық шараларын сақ­тап, қолымыздан келгенше нау­қас­тарды емдеуді бастадық. Вируспен екін­ші рет ауырып келген нау­қас­тарды да емдеп жаздық. Емделу­ші­ле­рімізге аяғымыздан тік тұрып қыз­мет еттік. Иммунитет көтере­тін, қызу түсіретін, қабынуға қарсы дә­рілерден бөлек, 18-19 шөптен пнев­монияға, бронхитке қарсы, қан айналымын жақсартатын тұн­балар ішкізіп, жан-жақты ем-ша­ра­ларын жасадық. Қазіргі таңда қат­ты дене қызуы, жөтел белгіле­рі­мен келетін адамдар жоқтың қа­сы, бірақ ауруханаға жатып шық­қаннан кейін әлсіздік сезініп ем­деліп жатқандар бар. – Қазіргі адамдарды не алаң­датады және олар қан­дай шағымдармен келіп жа­тыр? – COVID-19 індеті адамдарға ең ауыр соққыны психологиялық тұр­ғыдан жасады. Бүгінде адам­дар­дың болашаққа деген алаңдау­шы­лығы басым. Сыртқа шықса да, «ви­рус жұғып кетпесе екен» деген үрей бар. Сәл шаршаса, басы ауыр­са алаңдайды. Адамдарға пси­хо­логия­лық тұрғыдан өздерін жаман ой­дан азат етуі керек. Жалпы, көп­­­шілік бұл індеттің қиын екенін, уақ­ытында емдемесе, өміріне қауіп тө­нетінін, тіпті өлім жағдайына әке­летінін түсінді. Халық сақтық ша­раларын қолға алып жатыр, бі­рақ симптомды және симптомсыз науқастар әлі де көп кездеседі.