Қазипа Мұхаметқали: Елге «не аламын?» деп емес, «не беремін?» деп келдім

Сондай-ақ!

Минскте қазақ сыныбы ашылды

Минск қаласында М.Әуезов атындағы № 143 орта мектепте Әл-Фараби атындағы сынып ашылды. Мұнда енді қазақ тілі, тарихы мен әдебиеті оқытылмақ. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Беларусь...

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы ғалым З.Қинаятұлының 80 жылдығы

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» ұйымдастырған мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері болған...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

БЕСҚАЛАЛЫҚ ҚАНДАСЫМЫЗ САУҚЫМ ЖАМАНҚАРАЕВ – ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН ҚАЙРАТКЕР

Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан өзіндік дәстүр-салты бар, ынтымақта күн кешкен берекелі Бесқала өңіріне жолыңыз түссе, ол жерде туып-өсіп елге белгілі болған қазақтың талай тұлғалы перзенттері...

Бүгінде атажұртқа келіп, өз кәсібін жүргізіп отырған іскер қандастарымыз аз емес. Еуразия ди­зайнерлер одағының мүшесі, этнодизайнер, Нazifa брендінің негізін қалаушы, «Ұлттық бренд» сыйлығының иегері – Қазипа Мұхаметқали солар­дың бірі. Отанына оралып, еңбек жолын шағын ғана тігін ательесін ашудан бастаған ол – бүгінде іс­кер­лік әлемінде өз қолтаңбасын қалыптастырған кә­сіпкер. Ұлттық ою-өрнектеріміздің бай мұрасын бүгінгі көзқарас пен талғамға сай түрлендіріп, сұра­нысқа ие жоғары сапалы өнім өндіріп, көптеген адам­ды жұмыспен қамтып отыр. Талай қиындық пен сы­наққа мойымаған батыл, ұлтжанды, еңбекқор жан­мен аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Қазипа Қалиқызы, атажұртқа қашан, қай жақтан көшіп кел­діңіз?

– Мен Қытай Халық Республикасының Ал­тай қаласында тудым. Мектепті, жоғары оқу орнын сол жақтан тәмамдадым. Сол жақ­та мемлекеттік мекемеде жұмысым да бол­ды. Елге келу үшін Алматыдағы аграр­лық университетке аспирантураға  құжат тапсырып, оқуға түстім. Сөйтіп, 1997 жылы бір­жола көшіп келдім. Көші-қон бойынша қиын­дықтар болған жоқ. Ол кезде елге орал­ғандарға арнайы жәрдемақы, квота, үй де берілетін. Бірақ мен ешқандай құжат жи­намадым. Бір жағынан, «не аламын?» емес, керісінше «мен Отаныма не бере ала­мын?» деген ұстанымым болды.

– Елге келгеннен кейін немен ай­налыстыңыз, бірден өз кәсі­біңіз­ді аштыңыз ба?

– Иә, аспирантурада оқып жүріп, өз кү­шіммен шағын бизнес бастадым. Бір бөл­мелі пәтер жалдап тұрдым, сол жерде тігін­шілікпен айналысып, «Әз сән» атты ателье аштым. 1999 жылы ательемді кеңейт­тім, заңды түрде тіркедім. 2001 жы­лы 40-қа жуық адамды жұмысқа алдым. Қа­зақ әйелдеріне жұмыс беріп, еңбекке ара­ласуына ықпал ету – менің сол кездегі мақ­сатымның бірі еді. Ұжыммен жұмыс іс­теу де оңaй емес қой. Тaпсырыс түскенде жи­нaп aлып, тaпсырыс aзaйғaндa тaрaтып отыруғa дәтім бармады. Сол үшін өзіме се­рік­тестер іздедім. Шaпқылaп жүріп 14 сауда нүктеcімен жұмыс істеуге келісім aл­дым. Осылaйшa, қол aстымдaғы қызмет­ші­лерімнің де жұмыс орнын сaқтaп қaл­дым. Одан соң «Азия дауысы» фестивалі ая­сында ХІ халықаралық жас модельер­лер­дің байқауында бас жүлде бұйырып, кә­сібім одан әрі өрлей түсті. Алматыдағы «Сым­бат-сән» академиясында оқыдым.

Сөйтіп жүргенде аяқ астынан болған оқыс жағдай  бір-ақ сәтте өмірімді түбе­гей­лі өзгертті. 2000 жылы аяғым ауыр жара­лан­ды. Бар қаражатым ем-домға жұмсалды. Та­лай ауыр оталар жасаттым. Кәсібім де тұ­ралап қалды. Солайша төрт жыл бойы ор­нымнан тұра алмай, төсек тартып жа­тып қалдым. Бірақ сол кезде де құр жата ал­мадым, орыс тілін үйреніп, одан әрі да­мы­туға бар күшімді салдым. Аяқталмаған оқуым­­ды үйде отырып өз бетімше жалғас­тырдым, киімді кесіп-пішу технологиясын қытай теориясымен салыстыра отырып, «Киімді кесіп-пішудің қысқартылған үш өлшем теориясы» деген кітабымды жаздым.

Қайтадан аяққа тұрған кезде алдыңғы кә­сібім бұрынғысынша жақсы жүрген жоқ. Ол кезде елде Қырғыз Республикасы, Түр­кия сияқты елдердің тауарлары көптеп таралып кеткен еді. Мен оған, өкінішке қа­рай бәсекелесе алмадым. Ғимараттарды жал­ға алу бағасы да біршама шарықтап кет­кен. Қазақ тіліндегі сән журналын аш­қым келді, бірақ оған да аса қызығушылық бол­мады ол уақытта. Содан туризм сала­сында біраз жұмыс істедім.

– Қолөнерге, өзіңіздің сүйікті кә­сібіңізге қалай оралдыңыз?

– 2008-2009 жылдары өз кәсібіме қайта кел­дім. Сонымен бірге түрлі менеджмент курс­тарында оқыдым. Қытайда бастау ал­ған «Ұлттық үлгідегі үй бұйымдары» атты шығармашылық жобамды қайтадан қолға алып, түрлі ою-өрнектерді зерттеп, үлгі­ле­рін жасаумен төрт жылдай айналыстым. Кейін мемлекеттік тапсырыстармен жұмыс істедім. 2004 жылы мектеп формасына қа­тысты жаңа заң қабылданып, мектеп оқу­шы­лары арнайы форма киетін болды. Мек­теп формаларын тіктік, біраз жобалар­мен жұмыс істедік.

Кейіннен Aлмaтыдaн «Қуырдaқ» aтты aс­хaнa aшып, ол жерде қуырдaқтың 20 тү­рін ұсындық. Дeгeнмeн бұл кәсіпте ұзaқ тұрaқтaп қaлуды мaқсaт eтпeдім. Кәсіппен айналысып жүріп тез шешім қабылдауға, тез әрекет етуге үйренеді екенсің. 5-6 айдың ішінде бірaз қaржы жинaп, ұлттық нaқыштaғы үй бұйымдaрын жaсaуды қолға алдым. Сөйтіп, қазіргі Hazifa  жоғары сапа­лы үй бұйымдары брендінің негізі қаланды. Көптеген шетелдік тауарлармен иық тірестіре алатындай бұйымдар жасаймыз деп сеніммен айта аламын.

2016 жылы Астанада Тәуелсіздігіміздің 25 жыл­дық мерейтойына орай «Ұлы дала мұрасы» атты алғашқы шығармашылық көрмеміз өтті. Көрмеде ою-өрнектері қай­та­ланбайтын 25 түрлі тұскиіз картинасы және 25 метрлік кестелі қызыл жол кілем­шесі көрермен назарына ұсынылды. «EXPO-2017» аясында Тәуелсіздік сарайын­да «Ұлы дала мұрасы» көрмесінің екінші бөлімі қойылды. Онда көрермен назарына ұлт­тық үлгідегі үй бұйымдары, ұлттық на­қышта тігілген перделер, дастархандар, жас­тықтар мен көрпешелер, тұскиіз карти­налары мен қоржын сөмкелер қойылды.

– Отандастарға деген сезіміңіз, қан­дастарға, жерлестерге айтар ле­бізіңіз қандай?

– Мен қайда барсам да, қайда жүрсем де ұлттық ою- өрнектерімізді дәріптеуге, на­сихаттауға, заманға сай етіп қайта жаң­ғыртуға тырысамын. Ою-өрнек біреуге қызық, біреуге таңсық, біреуге шимай болып көрінетін шығар. Ал сол шимай менің өмірімді жаңғыртты. Соның арқа­сында есімді жинап, ұмытқанымның бәрі санамда қайта жаңғырды. Өмірге көз­қара­сым өзгерді,  мақсатымды айқындадым. Жар­қын болашақтан үміт күттім,  арман­дай алдым.  Екі аяғымды тең басып, орным­нан тұрдым, таянған балдағымды қоқысқа тастадым. Сол ою-өрнектің арқасында этно-дизайнер болдым, Еуразия  дизай­нер­лер одағының мүшесі атандым, Еуразия ди­зайнерлер одағының «Құрметті дизай­нері» төсбелгісін тақтым. Сол ұлттық на­қыш­тарымызбен алда әлі де талай биік­тер­ді бағындыратынымызға, ұлттық құнды­лық­тарымыз брендке айналатынына се­нім­дімін.

Менің түсінігімде, ұлтыңды сүю – сол ұл­тыңның салт-дәстүрі мен құнды­лық­тарын жоғары бағалаумен өлшенеді. Заман талабына сай ою-өрнектермен кестеленген  ұлт­тық бұйымдарымыздың кез келген бір нұс­қасы туған халқымның кәдесіне жара­са, еңбегімнің ақталғаны деп білемін.

 

Сұхбаттасқан Ділда УӘЛИБЕК

Редакция таңдауы

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Досмұхамбет Кішібеков: Аштықты да, соғысты да көрдім, тәуелсіздікке тәуба

Кім-кімге де ұзақ өмір сүру маңызды шығар, бірақ уақытты босқа өткізбейтін, ғұмырының бар кезеңі талпынысқа толы жандардың өсу, жетістікке жету жолындағы жанқиярлық еңбегі әрдайым...
Қыз бен жігіт

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды

Қыз бен жігіт 25 қабатты үйдің балконынан секіріп қаза болды,-деп хабарлайды turkystan.kz...
ЛГБТ

ЛГБТ-фестивальде үздік деп танылған фильмді Қазақстанда көрсетуге министрлік рұқсат берді

Алматыда қазақстандық режиссер Әсел Аушакимованың Welcome to the USA фильмінің жабық көрсетілімі...

Түркістан облысында жаңа шектеулер енгізілді

Түркістан облысы аумағында карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылды. Бұл туралы аймақтың Бас мемлекеттік...

БҚО-да 81 бала коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында 81 баланың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Облыстық білім басқармасы басшысының...

«Халық шешсін!» Қырғызстан атауын өзгерту мәселесі көтерілді

«Қырғыз жолы» қоғамының жетекшісі Қадырбек Қошалиев Қырғызстан атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...