Цифрлық қоғам құрудың ауылы алыс па?

Сондай-ақ!

Әшімбаев: Оралмандар мемлекет есебінен күн көргісі келеді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің пікірінше орыстардың Қазақстаннан үдере көшуі жақсы үрдіс емес. Сарапшының stanradar.com сайтына берген сұхбатынан қысқа да нұсқа үзінді ұсынады. Былтыр біздің елден 45,2 мың адам...

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі белгілі болды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке компанияның қызметкерлері 3 күн бойы мұздың қатуы салдарынан жағалауға жете алмаған., -...

«Алты мұғалім мен 22 оқушыдан Соvid-19 анықталған» Павлодар облысының бір ауылы карантинге жабылды

Павлодар облысында тағы бір ауыл карантинге жабылды. Себебі Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алты мұғалімі мен 22 оқушысына Соvid-19 диагнозы қойылды. Осыған...

Коронавирус пандемиясы қоғамдағы көп саланың кем­шін тұстарын анық көрсетіп бер­ді. Біз шешімін тапты деп жүр­­ген талай мәселе қайта жо­лы­­мыздан шыға келді. Әу деген­нен-ақ мұндай жағдайларға дайын еместігіміз, әсіресе цифр­лан­­дыру үдерісінің ақсап тұр­ғаны қатты байқалды.

Тізіп айтар болсақ, наурыз айын­да қашықтан оқытуға көш­­к­ен білім беру мекемелерінің жұ­­мысы бірден дөң­гелеп кете қой­ма­ды. Себеп – кей ай­мақ­тарда әл­сіз, кей жерлерде мүлдем тар­тыл­­ма­ған интернет дейтін игілік. Елі­міз­дегі интернет 2,5 миллион оқу­шы­ны он­лайн оқытуға қауқарсыз бо­лып шық­ты. Мектеп оқушы­ла­рын бұлайша оқы­ту­дың мүмкін емес екенін, еліміздегі ин­тернеттің ахуалы мұндай ауыр сал­маққа шы­дас бермейтінін Білім және ғы­­лым ми­нистрі Асхат Аймағамбетовтің өзі де мойындаған болатын. Сөй­тіп, ми­нистр қашықтан оқыту үшін басқа да ме­ханизмдерді қа­рас­­тырды. Соңында оқу­шыларға тап­сырма жіберу үшін тіпті Қаз­­пош­таның қызметіне жүгіндік. 42 500 тең­­­генің «жыры» да осы ғалам­тор­дан басталғанын білеміз. Алға­шын­да жәр­демақы алу үшін Egov пор­талы арқылы өтініш беру керек бо­­латын, бірақ сайт жүктемені кө­тере алмай халық тағы әуре-сар­саңға түсті. Кейіннен жеке сайт пен әр аймақ үшін қосымша телег­рам-боттар іске қосылды деп ха­бар­лан­ға­ны­мен, олар да бірден мүл­­тіксіз жұмыс іс­теп кете қой­ма­ды. Интернет түгілі әлі күн­­ге дейін ұялы байланыс желісі жоқ қан­ша­ма ауылдар бар. Заманына қарай – амалы, сәйкесінше әр заманның адамзат баласына қояр талабы бар десек, өр­кениет көшіне ілесе алмай қалыс қалған ауылдардың жағдайы қашан түбегейлі реттелмек?

Байланыс аясынан тыс ауылдар

Осы күнге дейін қарапайым ұя­лы телефон арқылы сөй­ле­суге де мүмкіншілігі жоқ ауылдар бар екеніне сену қиын. Тіпті, мұн­дай мәселе еліміздің барлық айма­ғын­да бар. Қостанай облысындағы бір­неше ауыл Ресейдің ұялы бай­ланыс операторы МТС-ті пайда­ла­нып отыр екен. Ауылға жақында­ған­­да «Әлемдегі ең алып ел – Ре­сей­ге қош келдіңіз! Роумингке тірке­ліңіз. Арзан тариф!» деген хабар­ла­ма келеді екен.

Қазіргі кезде елімізде 2 000-нан аса елді мекен интер­нет­сіз отыр. Кей ауылдарда болса да, сапасы (жылдамдығы) сын кө­тер­мейді. WhatsApp әлеуметтік же­лісінде қарапайым хабарламаны жіберуге қауқары жетпейтін ин­тернеттің шамасын бағамдай бе­ріңіз. Ауыл тұрмақ, үлкен қалалар­дың өзінде ғаламтордың жылдам­дығы біркелкі жақсы емес, алайда ба­ғасы қымбат. Жаңа оқу жылы­ның басталуына да айдан аз уақыт қал­ды. Қыркүйектен бастап бала­лар сабақты қашықтан  оқиды. Бі­лім және ғылым министрлігінің мә­ліметінше, 700 мың балаға ком­пьютер жетіспейді. «Бұл мәселенің ше­шімі қандай болмақ?» деген сауал­­дың өзі жеке тақырыпқа сұ­ра­нып тұр.

Осыдан 2 жыл бұрын іске асы­рыла бастаған «Цифрлық Қазақстан» бағдарлама­сын­да ал­ғашқыда 741 елді мекенді кеңжо­лақ­ты интернетпен қамтамасыз ету көзделген болатын. Алайда бұл жос­пар орындалған жоқ. Екі жыл­дың ішінде тек 481 елді мекенге кеңжолақты интернет жеткен. Ал жалпы, бүгінге дейін халық саны 250 адамнан асатын 3 324 ауыл ға­ламторға қосылған. Цифрлық да­му, инновациялар және аэроға­рыш өнеркәсібі министрлігі осы жылдың соңына дейін 928 ауылды, ал келесі жылы тағы 1 000 ауылды интернетке қосуды көздеп отыр. Ал 3G және 4G байланысын 18 млн адам пайдаланады деп жоспарла­нуда.

Цифрлық даму, инно­вация­лар және аэроғарыш өнер­кә­сі­бі вице-министрі Дарын Тұяқов: «Өңірлердің әлеуметтік мүм­кіндіктерін теңестіру және ауданнан ауылға дейін талшықты-оптикалық жеткізу желісі бойын­ша жылдамдығы жоғары интер­нет­пен қамту мақсатында 2018 жыл­дан бері көптеген жоба іске асы­рылып жатыр. Бұл жоба аясын­да біз талшықты-оптикалық ка­бель құрылысын қаржыландыр­май­мыз, дайын сервисті сатып ала­мыз. Бүгінде ауылдардың 50 пайы­зы 607 ауылдық елді мекен тал­шықты-оптикалық жеткізу же­лісімен қамтылған. Биыл жыл соңы­на дейін 250-ден аса адам тұра­тын 928 ауыл 3G және 4G жо­ғары жылдамдықты интернет тех­но­логияларымен қамты­ла­тынын еске салғым келеді» деген еді.

Биыл 4 наурызда Мемлекет бас­шысы  «Цифрлық Қазақ­стан» бағдарламасын жүзеге асыру жө­­нінде өткізген кеңесінде Цифрлық даму министрлігіне жүк­тел­ген міндеттің іске аспағанын мә­лімдеген болатын. Әсіресе, жем­қорлыққа бейім салаларда цифр­лан­­дыру өте баяу жүргізіліп жат­қа­нын ескерткен. 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қала мен ауыл тұрғындары арасында цифр­лан­дырудағы алшақтықтың әлі сақ­талғанын айтты. Оны тек ал­шақтық емес, әлеуметтік теңсіздік деп бағамдады. 20 шілдеде Асқар Жұмағалиев Цифрлық даму, ин­новациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі қызметінен бо­са­тылғаны белгілі. Үкімет оты­ры­сын­да «Биыл кең жолақты интернетке қосы­латын ауылдар саны 5 163-ке жетеді. Еліміздің халқын 3G және 4G интернет желісімен қамту 99,3 пайызды құрайтын болады», – деп мә­лімдеме жасаған еді. Экс-ми­нистр 2018 жылдан бері елді ме­кен­дерді талшықты-оптикалық бай­ланыс технологиясы арқылы ин­тернетпен қамту жобасын іске асы­руға кіріскен болатын.

Цифрландыру – бір ғана са­ланы немесе бір бағытты дамыту емес. Қарапайым ғаламтор­дың өзі түйткілді мәселеге айналып тұрғанда, басқа күрделі жобаларды ойға алуға да жүрексінесің. Негізгі төрт бағытының алғашқысында-ақ кем-кетіктер жетіп артылатын «Цифрлы Қазақстанның» толық жүзеге асуы шындыққа жанаса ма? Одан бұрын атқарылған шаруалар­дың нәтижесі қандай?

Нақты жүйе жоқ па?

90-жылдары үдемелі ин­дустриал­ды-инновация­лық даму жөніндегі мемлекеттік бағ­дар­лама іске қосылды, 2005 жылы электронды үкіметті қалыптастыру басталды, инновациялық эко­жүйе­нің бірқатар элементтері құрылды, яғни бұған дейін біраз шаралар ат­қарылған. «Цифрлық Қазақстан» бағ­дарламасы 4 бағытқа негізделсе де, нәтижесі жүйесіз екенін Мемле­кет басшысы да атап өткен бола­тын.

Жобаның алғашқы бағыты – алыс аймақтарды ға­лам­тор­мен қамтамасыз ету – то­лық нәтижелі болмағанын жоғары­да айттық. Екінші бағыт – эконо­ми­каның салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы тех­но­логияны енгізу болса, бұл бағыттың да атқарылғанынан атқарылмаға­ны көп сыңайлы. Тағы бір мақсат – білікті IT мамандарды даярлау. Бұл бағытта жоғарғы оқу орындарын­дағы IT саласына бөлінген грант сан­дары көбейтілді. Шетелде білім алып жатқан жастар қаншама? Бірақ білімді жастардың көбі ше­тел асып, кремний алқабы сияқты әйгілі жерлерде жұмыс істеуді арман ететіні жасырын емес.

Бағдарлама бойынша аза­маттардың цифрлық сауат­ты­­лығын 85 пайызға дейін арт­тыру көзделген болатын. Қатаң каран­тин шаралары кезінде мұның да шала жүзеге асқаны байқалды. Қалалардың өзінде әлі күнге дейін коммуналдық қызметтерді төлеу үшін Қазпоштаға қарай ағылатын ел теміржол кассаларындағы ұзын-со­нар кезек осы пікірімізді одан әрі бекіте түседі. Күн сайын құбыл­ған әлемде «Өркениет көшіне ере алмай қаламыз ба?» деген үрей де жоқ емес.

Әлемдегі «сандық қадамдар»

Әлемнің жетекші сарап­шы­лары 2020 жылға қарай әлем­дік экономиканың төрттен бірі толық цифрланады деп бол­жаған еді. Көптеген елде цифрлан­дырудың Ұлттық бағдарламаларын іске асыру үстінде. Дания, Норве­гия, Ұлыбритания, Канада, Герма­ния, Сауд Арабиясы, Үндістан, Ре­сей, Қытай, Оңтүстік Корея, Ма­лай­зия, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландияда қарқынды жобалар жүріп жатыр. Қытай өзінің «Ин­тернет плюс» бағдарламасында цифрлық индустрияны дәстүрлі ин­дустриямен біріктірген. Синга­пур «ақылды экономиканы» қа­лып­тастырды, Оңтүстік Корея «креа­тивті экономика» бағдарла­масы арқылы адами капиталды дамытуға, кәсіпкерлікке және соңғы технологиялық жетістік­терін таратып жатыр, ал Дания мем­лекеттік секторды цифрлан­дыруға баса назар аударған. Қазіргі күні Моңғолияда шалғайдағы елді мекендердің өзі ұялы байланыстың бесінші буыны 5G-мен қамтамасыз етілген.

2016 жылы БҰҰ арқылы жа­салған ақпараттық комму­ни­ка­циялық технологиялар да­муы­ның негізгі әлемдік рейтин­гін­де (ICT Development Index) Қазақ­стан 175 елдің ішінде 52-орынды ие­ленген екен. «Цифрлық Қазақ­стан» бағдарламасы мен басқа да стра­тегиялық бағыттарды іске асырсақ, еліміз 2022 жылға қарай 30-орынға, 2025 жылға қарай 25-орынға және 2050 жылға қарай 15-орынға дейін көтеріледі деп болжанған екен. Қазақстан сондай-ақ цифрландырудың ағымдағы деңгейі тұрғысынан The Boston Consulting Group халықаралық консалтингтік компаниясының e-intensity рейтингінде жоғарғы көр­сеткішке ие болған. Аталған мә­ліметтер шындыққа жанаса ма, жоқ па деген сауал бәрімізге қызық. Бірақ цифрландырудың ақсап тұр­ғаны анық. Кінәрат жобада емес, оны орындауда сыңайлы. 2025 жылға дейін, жалпы алғанда цифрлан­дырудың экономикалық тиімділігі 40 млрд теңгені құрамақ. Бұл болжам жүзеге аса ма, жоқ па? Оны, әрине уақыт көрсетеді.

 

Ділда УӘЛИБЕК

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Исламбек Салжанов: Қайырымдылық және еріктілікпен айналысатын мекемелер құруымыз қажет

Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениетінің бір...

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша...

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары толығымен ақталады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі мемлекеттік...

“Әлем ханымы” байқауында Қайрат Нұртастың әйелі көш бастап келеді

Онлайн дауыс берудің үшінші күні “Әлем ханымы-2020” байқауына қатысушылар арасында Жұлдыз Абдукаримова...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...