Жаңалықтар

Елімізде металл өндірісі 20 пайызға артты

ашық дереккөзі

Елімізде металл өндірісі 20 пайызға артты

Елімізде алғашқы жарты жылда 117,1 млрд теңгенің дайын металл бұйымдары өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға артық, деп хабарлайды energyprom.kz.

Нәтижесінде өнеркәсіптік өндірістің индексі бірден 119,8 пайызға өскен, бұл - өндіріс көлемінің өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артқандығын білдіреді. Дайын металл бұйымдар өнімінің жартысынан астамын еліміздің төрт өңірі өндірген. Өндіріс көлемі жағынан Павлодар облысы көш бастап тұр. Мұнда 18,8 млрд теңгенің металы өндірілген. Екінші орында Қарағанды облысы - (17,7 млрд тг), үшінші - Алматы қаласы (12,9 млрд тг) және төртінші орында - Маңғыстау облысы (11,5 млрд тг).

Нұр-Сұлтан қаласы (екі есе), Ақмола (+89,9% ақшалай) және Атырау (+84,6%) облыстарында да өсім байқалады. 

Дайын металдар өндірісі ішінде қара металдан жасалған бұйымдар мен металконструкциялар көлемі артқан. Ал радиатор, мұнай өнеркәсібіне қажетті резервуарлар өндірісі керісінше кеміген.