Әлемдік сенсация: көне Түркістан орнынан мектеп және қыш бұйымдар цехы табылды
Әлемдік сенсация: көне Түркістан орнынан мектеп және қыш бұйымдар цехы табылды
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағынан тарихи нысандар табылды. Архелогтар бұл әлемдік сенсациялық жаңалық екенін мәлім етті.
«Ескі Түркістан қаласының көне шахристанынан XVIII-XIX ғасырларға тән керуен сарай, монша, керамикалық цех, мектеп орындары және Жеті ата қақпасына дейінгі ортағасырлық магистралды көше бойынан хандардың намаз оқитын жеке бөлмесі мен әскери мұнаралар, қонақ қабылдайтын бөлмелер табылды», делінген «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің хабарламасында.
Тәкия қақпасының жанынан табылған үлкен керуен сарайда - құжаттар мен бағалы заттар сақтайтын арнайы қуыстар, қабылдау бөлмесі, ауласы мен қоймалары, керуеншілер тұратын бөлмелері, намазханасы, «мүричә» деп аталатын бір бөлмелі моншасы бар.