COVID-19: 106 науқастың жағдайы аса ауыр

COVID-19: 106 науқастың жағдайы аса ауыр

COVID-19: 106 науқастың жағдайы аса ауыр
ашық дереккөзі
Елімізде 23 281 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 100 бала бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, стационарларда 4 151 науқас жатыр. 19 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Науқастардың арасында 423 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 науқастың ахуалын дәрігерлер аса қатты ауыр деп бағалап отыр. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Өткен тәулікте республика бойынша 517 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 101372-ге жетті. Індеттен 76 мыңнан астам адам айықты. 1269 науқас қайтыс болды. Сондай-ақ, коронавирус белгілеріне ұқсас пневмонияға шалдыққан 15 732 науқас тіркелді. Олардың 188-і көз жұмды.