Ақмолалық дәрігерлерге үй беріледі
Ақмолалық дәрігерлерге үй беріледі
Ақмола облысының Жақсы ауданында дәрігерлер үшін аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесі 8 пәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жабдықталуда.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша қазіргі кезде павлодарлық мердігер компания «ПавлодарЭнергоМонтаж» ЖШС-гі аурухана аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Ғимарттың жалпы аумағы 474 шаршы метрді құрайды. Онда жоспар бойынша 4 бір бөлмелі және 4 екі бөлмелі 8 пәтер болады»,- дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Д.Кощегулов.
Әкімдіктен атап өткендей, биылғы жылдың желтоқсан айында дәрігер мен аудандық аурхананың қызметкерлері осы ғимараттан пәтер кілтін алатын болады.