COVID-19: Атырауда науқастардың 74 пайызы емделіп шықты

COVID-19: Атырауда науқастардың 74 пайызы емделіп шықты

COVID-19: Атырауда науқастардың 74 пайызы емделіп шықты
ашық дереккөзі
Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың 74 пайызы емделіп шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді. "12 тамыздағы дерек бойынша,  Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10638 науқас тіркелді. Оның ішінде 7869 пациент емделіп шықты. Қауіпті індеттен жазылып шыққандардың көрсеткіші 74 пайызды құрады. Науқастар санының азаюына байланысты  карантиндік станционарлар жабылды", - деді  басқарма басшысы. Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, эпидемиологиялық ахуал жақсарғанымен, алдағы жағдайды болжай мүмкін емес. Сондықтан өңірде коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейтіліпті. Емдеу мекемелерінде дәрі-дәрмек қоры жасақталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы аймақ тұрғындарын өз денсаулығына салғырт қарамай, қорғаныш құралдарын пайдалануға, қоғамдық ортада ара-қашықтықты сақтап, кісі көп жүретін орындарға бармауға шақырды. Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетін жұқтырған науқастардың 76 пайызы емделіп шыққанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, Талдықорғанда да індеттен айыққандар саны артып, коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін ашылған екі провизорлық орталық жабылды.