"Оқушыны қолда!"республикалық қайырымдылық акциясы басталды
"Оқушыны қолда!"республикалық қайырымдылық акциясы басталды
Білім және ғылым министрлігі "Оқушыны қолда!" атты республикалық қайырымдылық акциясының басталғанын хабарлады. Оқушыларға компьютерлік техника жинайтын акцияға ақша аударуға немесе артық техникаларды тапсыруға болады.
⠀
«Біз барлық қазақстандықтардан және кәсіпорындардан, компаниялар мен ұйымдардан акцияға қатысуға және балаларға қашықтан оқуға көмектесуді сұраймыз», - деді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.
⠀
Төрағаның айтуынша, демеушілер мен меценаттардың ақшасына сатып алынатын компьютерлік техника алдымен ерекше қажеттілігі бар балалар мен жетімдерге беріледі. Одан кейін атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына, мүгедек ата-анасы бар балаларға, сондай-ақ, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға таратылады.