Арменияда төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды

Арменияда төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды

Арменияда төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды
ашық дереккөзі
Армения үкіметі індеттің таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимін 11 қыркүйекке дейін ұзартты.  Арменпресс агенттігінің хабарлауынша, елдегі төтенше жағдай режимі бұған дейін бірнеше рет ұзартылған. Әуелде 16 наурызда бір айға енгізілген болатын. Кейіннен 13 сәуірде Армения үкіметі ТЖ режимін 14 мамырға дейін, содан кейін үш рет 13 маусымға, 13 шілдеге және 13 тамызға дейін ұзартты. Осы жолы тағы бір айға, яғни 11 қыркүйекке дейін созу туралы шешім қабылданды.  Ел үкіметінің басшысы 11 қыркүйектен соң жағдай тұрақталып, төтенше жағдай режимі аяқталарына сенім білдірді. Сондай-ақ, премьер-министр осы жолғы төтенше жағдай біраз жеңілдетілетінін жеткізді.  Соңғы дерек бойынша, Арменияда коронавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты. Індеттен 803 науқас көз жұмды, 33 мыңнан аса адам емделіп шықты. Ал әлем бойынша қатерлі вирусты жұқтырғандар саны 20,3 миллионнан асып жығылды. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індеттен  741 мыңнан астам науқас қайтыс болды.