Қазақстан ресейлік вакцинаны сатып ала ма – ДСМ жауап берді

Қазақстан ресейлік вакцинаны сатып ала ма – ДСМ жауап берді

Қазақстан ресейлік вакцинаны сатып ала ма  –  ДСМ жауап берді
ашық дереккөзі
Қазақстан коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып ала ма? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді.  «Вакцина сатып алу жайында айтуға әлі ерте. Қазіргі сәтте біз вакцина сатып алу бойыша бірде-бір келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Себебі препараттар клиникалық сынақтың үшінші фазасынан өтіп жатыр. Вакцинаны сатып алу үшін ол халықаралық сертифтикаттаудан өтуі тиіс. Сондықтан да бұл мәселеге қатысты ешқандай шешім жоқ», - деді Б.Қожахметов. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей коронавирусқа қарсы екпені әлемде алғашқы болып тіркегенін хабарлағанбыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады.