Махамбет ауданында 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беріледі

12 тамыз, 2020 / Арайлым Жолдасбекқызы
ашық дереккөзі
Махамбет ауданында 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беріледі Махамбет ауданында 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жуырда пәтер баспана кезегінде тұрған ​ ауыл тұрғындарына табысталады. ​ Махамбет аудандық тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Аслан Сапаровтың айтуынша, ауылдарда құрылыс жұмыстары пандемия кезінде тоқтаған жоқ.​ – Өткен жылы құрылысы басталған 60 пәтерлік тұрғын үй көпбалалы, жетім, әлеуметтік осал топ отбасыларына, апаттық жағдайда тұрған және бюджет қызметкерлеріне табысталады. Қазір үйдің құжаттары нақтылануда.​ Аудан орталығында, Сарайшық, Ортақшыл ауылдарында электрлендіру, газ жүргізу жұмыстары басталды. Қыркүйек айында толықтай аяқталады деп күтілуде, – дейді Аслан Сапаров.