Сенат сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды

Сенат сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды

Сенат сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланды
ашық дереккөзі
Елімізде Сенат сайлауы аяқталды. Дауыс беруге 2 892 мәслихат депутаты қатысып, өз таңдауын жасады. Сайлаудың барлық талаптарға сай өтуін 185 бақылаушы қадағалады. Олардың ішінде 180 адам қазақстандық бақылаушылар болса, түркі тілдес мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің миссиясынан бес бақылаушы келді.  Орталық сайлау комиссиясы алдын ала мәліметіне сәйкес, Сенат сайлауында келесі кандидаттар жеңіске жетті:
  • Ақмола облысынан – Ақмола облысы бойынша ревизиялық комиссияның төрағасы Нұрлан Бекенов - 89.5%;
  • Ақтөбе облысынан – Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев - 89%;
  • Атырау облысынан –"Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк." ЖШС басқарушы директоры (KPI Inc) Сағындық Лұқпанов - 82.69%;
  • Батыс Қазақстан облысынан – іскер әйелдері қауымдастығының аймақтық басшысы Ляззат Рысбекова - 70.33%;
  • Жамбыл облысынан – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков - 92.09%;
  • Қостанай облысынан – Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк - 87.21%;
  • Қызылорда облысынан  - Nur Otan партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова - 77.86%;
  • Маңғыстау облысынан - "Қаражанбасмұнай" АҚ бірінші вице-президенті Сүйіндік Алдашев - 87%;
  • Павлодар облысынан – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нухұлы - 81.97%;
  • Солтүстік Қазақстан облысынан  – қазіргі сенат депутаты Ольга Перепечина - 87.57%;
  • Түркістан облысынан – қазіргі сенат депутаты Әли Бектаев - 91.53%;
  • Шығыс Қазақстан облысынан – Бородулиха ауданының әкімі Ольга Булавкина - 93.07%;
  • Алматы облысынан  – Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дюсембинов – 92.63%;
  • Қарағанды облысынан – қазіргі сенат депутаты Сергей Ершов – 83.15%;
  • Нұр-Сұлтаннан – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев - 75%;
  • Алматыдан – Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов - 100%;
  • Шымкенттен – қазіргі сенат депутаты Айгүл Қапбарова – 72%.
Сайлаудың соңғы нәтижесі 18 тамызда жарияланады.