Теміртауда өнеркәсіптік газ өндіретін жаңа зауыт іске қосылды

Теміртауда өнеркәсіптік газ өндіретін жаңа зауыт іске қосылды

Теміртауда өнеркәсіптік газ өндіретін жаңа зауыт іске қосылды
ашық дереккөзі
Теміртау қаласында екінші ауа бөлу қондырғысы іске қосылды. Жаңа зауыт «АрселорМитталТеміртау» АҚ болат құю өндірісін өнеркәсіптік газдармен: оттегімен және азотпен қамтамасыз ететін болады. Нысанға 28,5 млрд теңге инвестиция салынды. Жаңа қондырғы 24 500 Нм3/сағ оттегі газын, сондай-ақ шойын, болат және металл өндіру үшін қажет 28 000 Нм3/сағ азот газын шығарады. Сонымен қатар, өнеркәсіптік газдарды қолдану спектрі өте кең – медицинадан бастап электроника өндірісіне дейін, онда жоғары таза газдар мен арнайы газдар қолданылады. Ауа бөлу қондырғысының технологиялық процесінде генераторы бар тиімділігі жоғары турбодетандер қолданылады, бұл қондырғының жұмысын экологиялық таза етеді, электр энергиясын тұтынуды азайтады. «Пандемия жағдайындағы жаңа жобаны іске қоссу – жақсы белгі. Осы айларда Сыртқы істер министрлігінің жұмысы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік процестерін, жабдықтарды, компоненттерді немесе шикізатты шетелден жеткізуге, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшінің кіруіне тәуелділігі бар іске асырылатын инвестициялық жобалардағы құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстарын қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба Қарағанды облысында химия өнеркәсібін дамытуға үлкен серпін беретініне сенімдімін. Сондай-ақ, осы күрделі кезеңде кәсіпорын ауруханалардың қажеттіліктері үшін оттегін жеткізуді жолға қойғанын атап өтемін», – деп түсіндірді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.