Сенат депутаттарын сайлау: Елордада кім көп дауыс жинағаны белгілі болды

Сенат депутаттарын сайлау: Елордада кім көп дауыс жинағаны белгілі болды

Сенат депутаттарын сайлау: Елордада кім көп дауыс жинағаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Бүгін астанадағы Тәуелсіздік сарайында Сенат депутатын сайлау өтті. Нұр-Сұлтан қаласынан еліміздің жоғарғы заң шығарушы органының жоғары палатасына үш кандидат тіркелген болатын. Дауыс беру қорытындысы бойынша Ақылбек Күрішбаев 15 дауыс жинады. Ал Мәулен Самамбетов - 2, Мейрамбай Оралов 3 дауыс қана жинады. Сайлауға қалалық мәслихаттың 21 депутатының 20-сы қатысып, өз таңдауын жасады. Еске сала кетейік, бұған дейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жоғары палата еліміздің барлық өңірінің Парламенттегі өкілдігін қамтамасыз ететінін мәлімдеген. Сенат спикерінің айтуынша, әр қабылданған заңның ондаған мың отбасы мен нақты адамдардың тыныс-тіршілігіне тікелей әсері бар. "Осы ретте Парламент Палаталарының жұмысы заң шығару үдерісінің барынша тиімді әрі теңгерімді болуына мүмкіндік береді және Заңдарды елдің, сондай-ақ, әр азаматтың мүддесін ескеріп қабылдауды қамтамасыз етеді", – деді ол.