«Nur Otan» мүшелері жаңақалалық дәрігерлерге қымыз бен шұбат жеткізді
«Nur Otan» мүшелері жаңақалалық дәрігерлерге қымыз бен шұбат жеткізді
Елде коронавирус індетінің таралуына байланысты байланысты БҚО Жаңақала ауданы орталығынан 80 орындық провизорлық емдеу орталығы ашылды. Осы орталыққа пандемияның өршуіне байланысты науқастарды емдейтін дәрігерлерге көмек ретінде «Ақ халатты абзал жандар ауырмасын» акциясы жалғасын тапқан болатын.
«Nur Otan» партиясының Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов аудан кәсіпкерлері, аудандық депутаттар, соның ішінде белсенді партия мүшелерін дәрігерлерге қолдау көрсетуге көмек көрсетуге шақырды.
Партия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты, «Балбөбек» балабақшасының директоры Ф.Файзрахманқызы акция аясында еріктілермен бірлесіп аудандық провизорлық орталыққа қымыз, шұбат және өзге де азық-түлік өнімдерін жеткізді.