Биыл Құрбан айт 10-қыркүйекте басталады

Биыл Құрбан айт 10-қыркүйекте басталады

Биыл Құрбан айт 10-қыркүйекте басталады
ашық дереккөзі
Биыл Құрбан айт мерекесі 10 қыркүйекте басталады.  Ал қажылыққа бару құжаттарын қабылдау 10 тамызда аяқталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз қажылық турфирмаларымен болған жиында мәлімдеді деп жазды BNews.kz.

Қажылық маусымы тамыздың 30-ынан басталып, қазан айының 17-інде аяқталады. Ал 10 қыркүйекте ұлық мейрам Құрбан айт мерекесі басталады.

«Сауд Арабиясы Қажылық министрлігінің бекіткен ережелері бойынша қажылық сапарына қатысты құжаттарды қабылдау 10 тамызда аяқталады. Отандастарымызды осы санаулы күндерді сәтті пайдалануға кеңес береміз. Елімізде қажылық парызын өтеуге мол мүмкіндіктер жасалған. Бұл – Алланың халқымызға берген ұлы сыйы. Кейбір елдерде мұсылмандар қажылыққа бару үшін кезекке тұрады. Өйткені, бөлінген квота саны шектеулі. Тіпті, кезегі келмей, дүние салатын адамдар да бар. Ал, елімізде мұсылмандар емін-еркін кезексіз қажылық парызын өтеп келуде. Бұл – Алла Тағаланың халқымызға берген нығметі», – деді Серікбай қажы Ораз.

Қажылыққа баруға ниет білдірген азаматтар ҚМДБ қажылық бөліміне немесе Діни басқарма жариялаған конкурстан өткен қажылық компанияларына хабарласуына болады.

1. «Хидаят нұр»; 2. «Яссауи»; 3. «Атлас туризм»; 4. «Хикмет тревель»; 5. «Дельта тревель»; 6. «Қызмет саяхат»; 7. «Әл-маруа»; 8. «Санабль»; 9. «Аңсар круиз»; 10. «Нұр-Қазақстан».