Алматы жолдарын жөндеуге 15 млрд теңге жұмсалады
Алматы жолдарын жөндеуге 15 млрд теңге жұмсалады
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына 15 млрд теңге жұмсау жоспарланған.
Бұл туралы Алматы қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл жол жөндеу жұмыстарына 15 млрд теңге бөлу жоспарланған, бірақ пандемияны ескере отырып, бұл сома өзгеруі мүмкін, яғни қысқаруы ықтимал. Жұмыстардың орындалу барысында белгілі болады», - деді Ернұр Абжахан.
Жалпы, Алматы жолдардың 75% қанағаттанарлық жағдайда.