Қытай басшысы Си Цзиньпин ел тұрғындарын азық-түлікті ысырапсыз тұтынуға шақырды, деп хабарлайды ТАСС.
«Астық қорын жылдан-жылға арттырып отырғанымызға қарамастан, біз әлі де болса азық-түлік қауіпсіздігіне саналы түрде қарауымыз керек», – деді ҚХР төрағасы.
Сондай-ақ, Си Цзиньпин заңнамалық база мен қадағалауды күшейту, азық-түліктің ысырабына қарсы тиімді күрес шараларын жолға қоюды тапсырды. Оның пікірінше, халық арасында түсіндірме жұмыстары және ағарту жөніндегі шараларды нығайту, сондай-ақ қоғамды ысырапшылдықты ұят деп, ал үнемшілдікті үлгілі әдет деп санайтындай деңгейге жеткізу керек.
Айта кетейік, Си Цзиньпин бұған дейін де бірнеше рет қытайлықтарды азық-түлікті үнемдеп тұтынуға үндеген.