11 Тамыз, 19:59 678 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Қытай басшысы тұрғындарды азық-түлікті үнемдеп тұтынуға үндеді

Қытай басшысы  Си Цзиньпин  ел тұрғындарын азық-түлікті ысырапсыз тұтынуға шақырды, деп хабарлайды ТАСС. 

"Астық қорын жылдан-жылға арттырып отырғанымызға қарамастан, біз әлі де болса азық-түлік қауіпсіздігіне саналы түрде қарауымыз керек", - деді ҚХР төрағасы.

Сондай-ақ, Си Цзиньпин заңнамалық база мен қадағалауды күшейту, азық-түліктің ысырабына қарсы тиімді күрес шараларын жолға қоюды тапсырды. Оның пікірінше, халық арасында түсіндірме жұмыстары және ағарту жөніндегі шараларды нығайту, сондай-ақ қоғамды ысырапшылдықты ұят деп, ал үнемшілдікті  үлгілі әдет деп санайтындай деңгейге жеткізу керек.

Айта кетейік, Си Цзиньпин бұған дейін де бірнеше рет қытайлықтарды азық-түлікті үнемдеп тұтынуға үндеген.

Соңғы жаңалықтар