Қалалық әкімшілік ғимаратын өртеп жібермек болған қаскөй ұсталды

Қалалық әкімшілік ғимаратын өртеп жібермек болған қаскөй ұсталды

Қалалық әкімшілік ғимаратын өртеп жібермек болған қаскөй ұсталды
ашық дереккөзі
Башқұртстанның Нефтекамск қалалық әкімшілігі ғимаратында лаңкестік акт жасамақ болған жергілікті тұрғын ұсталды.  Башинформ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, лаңкес қолдан жасалған құрылғымен әкімдікке от қоюды жоспарлаған. «Ол бұл әрекетті мемлекеттік билік органдарының қызметін тұрақсыздандыру және конституциялық жүйеге қарсы наразылық тудыру мақсатында жоспарлаған. Бұған интернетте де белсенді түрде шақырған», — деп хабарлады республиканың Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының баспасөз қызметі. Қаскөйдің үстінен «Террористік акт» және «Террористік әрекетті жүзеге асыруға жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтау немесе терроризмді насихаттау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.