Алматыда қатар орналасқан бірнеше үй өртеніп кетті

Алматыда қатар орналасқан бірнеше үй өртеніп кетті

Алматыда қатар орналасқан бірнеше үй өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Алматыда бір-біріне жақын орналасқан бірнеше жеке үйлер өртеніп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Өрт туралы хабарлама түскі сағат 12-лер шамасында Алатау ауданының Петропавловская және Өскемен көшелерінің бойындағы түрлі мекен-жайлардан түскен. "Петропавловская көшесі 6/1, Петропавловская көшесі 4/1 мекен-жайында орналасқан үй ғимараты мен Өскемен көшесінде монша құрылысы өртенді. Ағаштан жасалған төбелер мен қабырғалар өрттің тез таралуына ықпал етті.", - делінген департамент хабарламасында. Ғимараттар бір-біріне өте жақын орналасқан, сондықтан өрт сөндірушілерге оқиға орнына жету қиын болды, дейді олар. "Жақын маңдағы ғимараттарды сөндіру және қорғау үшін бес өрт сөндіру қондырғысы жеткізілді, өрт гидранттарына цистерналар орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Алатау ауданының полиция қызметкерлері өрттің периметрін қоршап, қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Өрт сөндірушілер Петропавловская көшесі, 2/2 мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үй мен ғимаратты, сонымен қатар Өскемен 6 және 7-ші үй ғимараттарын қорғап қала алды. Олар жартылай күйіп кеткен", - дейді байспасөз қызметі. Қабылданған шаралар бойынша өрт 20 минут ішінде жойылды, сағат 12.40-да ол 120 шаршы метр алаңда толықтай жойылды. Өртті сөндіруге 25 адам, бес техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.