Жаңалықтар

Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген сыра бары анықталды

ашық дереккөзі

Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген сыра бары анықталды

Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеп, адам қабылдаған сыра дүкен-бары анықталды,  деп хабарлайды Polisia.kz. 7 тамыз күні сағат 21:45 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаменті “Қаратау” ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі №63 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері рейдтік іс-шара жүргізу барысында Шымкент қаласы Нұрсат 3 мөлтек ауданы Назарбаев даңғылы бойында орналасқан №19 үйдің жер төлесіндегі “BEERLIN” сыра дүкен-бары ашық жұмыс істеп, Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарын өрескел бұзғаны анықтады. Кәсіпкерлік нысан иесін жауапкершілікке тарту үшін ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабы 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитарлық мекемесіне тиісті шара көру үшін жолданды.