Жаңалықтар

Елордада жаңа туған нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер анықталды

ашық дереккөзі

Елордада жаңа туған нәрестелерге қойылған ең танымал есімдер анықталды

Қалалық статистика департаменті нәрестелер арасында ең танымал есімдерді атады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.  Жыл басынан бері дүниеге келген ұл балалар арасында ең көп тараған есім Рамазан (97) болса, одан кейін Әмір (95), Әлихан (87), Алан (73) және Әли (72) есімдері тіркелген. Статистикалық мәліметтер Омар, Макар, Әміре, Мирон, Тимофей, Демид, Ибрагим сияқты есімдер қайтадан танымал бола бастағанын көрсетеді. Жаңа туған ер балалар арасында кездесетін ерекше есімдер: Инаят, Рамис, Дален, Далер, Адриел Арчи, Азарий, Арби. Жаңа туған қыз балалар арасында ең танымал Медина (150)есімі болса, топ 5-ке кіретін есімдер: Айлин (149), Аяла (114), Айша (113) және Амина (105). Сирек кездесетін есімдер: Алиша, Аруназ, Сафина, Ханифа, Эвелина, Айшабибі, Имона, Аврора, Тея, Яссауина. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылдың соңғы алты айтында 14 123 бала дүниеге келді. Сонымен қатар қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Татьяна Бишораеваның айтуынша, елордада егіздер мен үшемдер саны артқаны байқалады. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан перзентханаларында 93 егіз (өткен жылы – 77) және үш үшем (былтыр – 1) дүниеге келді. Күн сайын елордада 60-110 бала дүниеге келеді.