Жаңалықтар

«Nur Otan» жаңақорғандықтарды ауыз сумен қамту мәселесін бақылауға алды

ашық дереккөзі

«Nur Otan» жаңақорғандықтарды ауыз сумен қамту мәселесін бақылауға алды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылы тұрғындарының өркениетті қоғамның қарапайым игілігі таза ауыз су тапшылығының зардабын тартқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Амалы таусылған халық әлеуметтік желі арқылы «Nur Otan» партиясына арызданды. Партиялық бақылау комиссиясы су құбыры қосылғанға, яғни, ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін тұрғындарды су таситын көліктермен болса да уақытша таза ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты аудандық әкімшілікке тапсырма берді.Бұл мәселе партияның облыстық филиалының ерекше бақылауына алынды.