Қазақстанның алтын-валюта қоры 2,4 млрд долларға артты
Қазақстанның алтын-валюта қоры 2,4 млрд долларға артты
Еліміздің алтын-валюта резервтері 2,4 млрд долларға артты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.
«Алдын ала деректер бойынша биылғы шілденің соңында халықаралық жалпы резервтер 3,2 пайызға ұлғайып, 93,5 млрд АҚШ долларын құрады. Шілде айында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері, ең алдымен, алтын бағасының өсуіне байланысты 35,3 млрд АҚШ долларына дейін 7,3 пайызға немесе 2,4 млрд АҚШ долларына артты», - деді Е.Досаев.
Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық қордың активтері биылғы шілдеде 1,6 млрд АҚШ доллары сомасында алған инвестициялық кіріс есебінен бір айда 0,5 млрд АҚШ долларына (+0,9%) ұлғайып, 58,2 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте кепілді трансферт бөлу мақсатында Ұлттық қордың активтерін 1,1 млрд АҚШ долларына конвертациялау жүзеге асырылды.